Скачать книгу

ұстап беріп, гректерге қарсы өзі бас көтереді. Спитамен б.з.б. 329-327 жылдар аралығында жаулап алушыларға қарсы күрес жүргізді. Бұл көтерілісте көшпелі тайпалар дай, массагет, скиф тайпаларының қолдауымен орын алды. Көшпелілер мен отырықшы халықтардан құралған көтерілісшілер өздерінің әскери артықшылықтарын пайдаланып, бірнеше рет македондықтардың әскерін жеңіліске ұшыратты. Кейіннен жеңіліске ұшыраған Спитамен көшпелілермен бірге қазіргі қазақ даласына қашуға мәжбүр болды. Македондықтар үлкен шығынға ұшырай отырып, негізгі сауда жолдарына да ие болды. Олардың Яксарттың (Сырдарияның) арғы бетіне шығып, сақ жеріне ентелей енуінен ештеңе де шықпады. Ескендір Зұлқарнайын көшпелілермен шекарада, Танайс өзені (Сырдария) Александриа Асхата қаласын салғызды. Алайда бұл жағдай көшпелілерге ұнамады. К. Руф атты тарихшы мынандай мәліметтер қалдырады. Скиф патшасы «Танайстан бері өтсең біздің жеріміздің кеңдігін көресің. Сен ешқашанда скифтердің соңынан қуып жете алмайсың. Сен біздің елге тиіскеннен дос таппайсың, өзіңе жау табасын. Анығын өзің білерсің» деген екен. Ал Клитарх атты тарихшының жазуы бойынша «Танайстың арғы бетінде орналасқан скиф мемлекетінің патшасының ойы бойынша бұл қала оның мойнына ілген қыл арқан секілді еді. Сол себепті де патша өзінің інісі Картасисті қаланы бұзуға тапсырма береді. Бұл жорық скифтер үшін еш нәтижесіз аяқталған шара ретінде тарихта қалды. Көрнекті тарихшы Арриранның айтуы бойынша, Ескендірдің скиф (сақ) жеріне тереңдеп кірмеуі көшпелілерді емес, македондықтардың аман қалуына мүмкіндік берді. Мұндай жорыққа шығу үшін үлкен дайындық қажет еді. Елдің ішкері жағына кіргеннен кейін, көшпелілер партизандық соғыс арқылы македондықтарды сусыз, тамақсыз қалдырып, ақыр аяғында олардың өздерінің де көзін жоятын еді».

      Б.з.б. 327 жылы Ескендір Зұлқарнайын жаулап алу жорықтарын Үндістанға бағыттады. Сақтар гректермен одақтаса отырып, бұл жорыққа да қатысты. Замандастары көшпелілердің әскери өнерін жоғары бағалады. Гидаспе маңындағы шайқаста көшпелілер Ескендір Зұлқарнайын әскері сапында үнділерге қарсы шайқасқа қатысады. Бұл жорыққа көшпелі тайпалардың ішінен дайлар мен скифтер ғана қатысқан еді. Ескендір әскерінен оқ бойы алда келе жатқан бұл авангард әскер бірінші болып ұрысқа кірісіп, даңқты қолбасшының жеңіске жетуіне барынша мүмкіндік жасаған.

      Ежелден Еуразия даласын мекендеген тайпалар алғаш жылқыны қолға үйретіп, темірден қару жасап қана қоймай, сауыт-сайман жасауды да игерді. Сақ тайпаларының әскери жетістіктері – атты әскердің және жетілген, ықшам қаруларды пайдаланудың нәтижесінде, соғысу әдістерінің басқалардан ерекшелігінен қамтамасыз етілген еді.

      Білімді тексеруге арналған сұрақтар:

      1. Массагеттер патшайымы Томирис пен парсы патшасы Кирдің әскерлері арасында өткен шайқас жайлы баяндаңыз.

      2. Сақ-парсы соғыстарының себептерін атап көрсетіңіз.

      3. Скиф Шырақтың ерлігі жайлы не білесіз?

      4. Парсы патшасы

Скачать книгу