Скачать книгу

Өйткені, өзгелерді «жабайылар» санайтын гректер сияқты арийлер де көршілерін өздері қалаған атаумен атауы мүмкін. Ал қытайлардың «сэ» атауы да «сақ» атауының транскрипциясы болуы мүмкін. Осыдан келіп ерте темір дәуірінде қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген тайпаларына қатысты қолданылатын парсылардың атауы – «сақ» қана бірден-бір дұрыс атау деп түсінген жөн. Өйткені парсылар қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалармен қоян-қолтық аралас өмір сүрген. Тарихтан белгілі парсы патшасы Кир массагеттер патшайымы Томириспен соғыста жеңіліс тапқан. Парсылардың келесі бір патшасы І Дарий Қара теңіз жағалауындағы скифтермен соғыста жеңіліс тауып қашуға мәжбүр болған. Сақтар парсылардың одақтастары ретінде парсы-грек соғыстарына қатынасқан. Ал македондық Ескендір Зұлқарнайынның парсы империясына қарсы жорығында сақтар парсылардың Спитамен бастаған көтерілісіне қолдау көрсеткен. Осыдан келіп «парсылар қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалармен тығыз байланыста болды. Сол себепті де олар жергілікті тайпаларды өз атауымен атап отыр» деген тұжырым жасауға болады.

      Білімді тексеруге арналған сұрақтар:

      1. Грек тілінде жазылған жазба деректерді атаңыз.

      2. Геродоттың «Тарих» шығармасына сипаттама беріңіз.

      3. «Авеста» діни кітабындағы қазіргі Қазақстанның жер-су атауларын атап көрсетіңіз.

      4. «Азиялық скифтерге» жататын тайпалардың аттарын атаңыз және орналасқан аумағын көрсетіңіз.

      5. Сақтар жайлы мәліметтер беретін парсы тіліндегі деректерді атап беріңіз.

      § 3. Сақскиф тайпаларының көрші елдермен қарымқатынастары

      Ежелгі және ортағасырларда Еуразия даласында үстемдік еткен қуатты мемлекеттер мен империялардың билеуші тайпалары негізінен көшпелі тұрмыс кешкен. Көшпелі тайпалардың мекен еткен жерлері де ұлан-ғайыр аймақтарды алып жатқан. Бұған бірінші кезекте жайылымдық жерлерді көптеп қажет ететін көшпелі мал шаруашылығы себепкер болса, екінші кезекте көшпелі тайпалардың соғыс өнерінің артықшылығының тікелей қатысы бар.

      Б.з.б. VІІ-ІV ғасырларда Еуразия далаларын мекендеген сақ-скиф тайпалары батысында Дон өзені мен Қара теңіз жағалауларынан бастап, шығыста Байкал көліне дейінгі аралықты, ал оңтүстігі Әмударияның сағасынан солтүстікке Батыс Сібір ойпаты аралығын мекендеген. Өз заманында бұл тайпалар шығыста орналасқан Мидия, Лидия мемлекеттерімен, кейіннен УІ ғасырларда қалыптасқан парсы империясымен тығыз байланыста болды. Б.з.д. 558 жылдар шамасында Кир II парсы патшасы ретінде билікке келген соң, 550 жылы Мидияны жаулап алып, сол елдің патшаларының лауазымдарын иеленеді. Сонымен бірге ол мидиялықтардың мемлекеттік басқару жүйесі мен мәдениетін қабылдайды. Сол себепті де көптеген ежелгі халықтар парсыларды мидиялықтар деп атаған. Мидияны жаулап алғаннан кейін Кир патша Парфияны өзіне бағындырады. Б.з.д. 546 жылы ол Вавилон мен Египеттің көмегіне қарамастан Лидияны жаулап

Скачать книгу