Скачать книгу

Жеке обаларды айналдыра тастан қоршаулар тұрғызылған. «Бесшатыр» обалары құрылысы жағынан мынадай көрініс береді. Жер бетіне орналастырылған сағаналар ағаш бөренеден тұрғызылған. Құрылыс бірнеше бөліктен: дәлізден, қабірдің алдыңғы кірер аузы және жерлеу бөлмесінен тұрады. Жерлеу бөлмесінде адамның қаңқасы, кірер бөлмеде қыш ыдыстар және басқа да бұйымдар қойылған. Бөренелердің бастары бір-біріне біріктіріліп, құлыптармен бекітілген.

      Құрылыстың қабырғалары төрт бұрышты болғанымен, төбесі дөңгелек күмбез түрінде жабылған. Құрылыс жұмысы көп қышты қажет еткен. Тастар жақын маңнан тасылғанымен, ағаш бөренелер тау бөктерінде арнайы дайындалып жеткізілген. Ал құрылыстың үстіне төгілген топырақ үйіндісін жасау көп адам күшін әрі көп уақытты талап еткен. Обаларда жерленген адам сүйектерінің қасынан жебелер салынған қорамсақ және семсер-акинактар, әсемдік бұйымдар табылған. Қорымның материалдарын кездейсоқ табылған олжалар мен қола бұйымдар көмбелері: қазандар, құрбандық ыдыстары, шырағдандар, еңбек құралдары, ер-тұрман заттары толықтыра түседі.

      Бесшатырлық ғұрыптық құрылыстар тайпалардың көсемдері бастарына үлкен обалар орнату арқылы мәңгі есте қалдыруға тырысқанын көрсетеді. Обалардың көлемі көсемнің құдіреті мен байлығына сай келіп, келер ұрпақтың бойына құрмет пен қорқыныш сезімін ұялатуға тиіс болған.

      «Есік» қорғаны Алматы қаласынан 50 шақырым қашықтықта және осы аттас өзеннің сол жақ жағалауында орналасқан қорымның қатарына кіреді. Қорым оңтүстіктен солтүстікке дейін 3 шақырымға созылған.

      Қорым қырық бес қорғаннан тұрады. «Есік қорғаны» – алғашқы «алтын адам» табылған әлемге танымал ескерткіш. Ол 1969 жылы зерттелген. Сол жылы қатты қыстың салдары көктемгі сел тасқындарының орын алуына әкеп соқты. Селдің салдарынан бұзылған бұрынғы машина-трактор станциясы орнына жаңа құрылыс салудың көзделуіне байланысты «Есік» қорымына кіретін қорғанның біріне қазба жұмысы жүргізілді. Қазба жұмысын көрнекті археолог К.А. Ақышев жүргізді18.

      Қорғанның диаметрі – 60 м. Үйіндінің астында екі қабір орналасқан екен. Өкінішке орай, 19 қатар бөренеден құлыптасып жасалған орталық патша қабірі тонауға ұшыраған. Қазба жұмысын жүргізген археологтар қорғанның бүйірінде орналасқан бес қатар бөренеден тұрғызылған және тонаудан аман қалған қосымша екінші қабірді тапқан. Әйгілі «алтын адам» осы қабірден табылған.

      «Есік» қорғанынан табылған «алтын адамның» реконструкциясы «Караван» газетінен алынды) www.caravan.kz

      Алматы қаласындағы тәуелсіздік монументі www.armedia.am

      Сол жылдарда әлем қызығушылығын туғызған «алтын адам» 17-18 жасар ханзада деп жарияланды. Бүгінде егеменді Қазақстанның атрибуты мен символына айналған «алтын адам» бейнесі Алматы қаласындағы тәуелсіздік монументі мен Ел ордамыз – Астана қаласындағы «Мәңгілік ел» кешендерінде тарихи тұлға бейнесінде берілген.

      Жекелеген археолог және тарихшы

Скачать книгу


<p>18</p>

Акишев К.А. Курган Иссык. – М., 1978.