Скачать книгу

адамзат тарихында зерттеушілер көшпенділік барысында қалыптасқан байырғы сақтардың, сарматтардың және ғұндардың рулық-тайпалық бірлестігін ертеректегі көшпелілер деп сипаттайды және олардың адамзаттың материалдық және рухани мәдениетіне қосқан үлесін мойындайды. Мысалы, киіз үйдің қалыптасуы және ат-әбзелдерінің, үзеңгінің пайда болуы, көлік ретінде ат арбалардың дамуы, көшпелілер пайдаланған соғыс өнерінің құрал-жабдықтарының жетілдірілуі және т.б. көшпелі қоғамның материалдық мәдениетіндегі жетістіктерді айқын көрсетеді. Ал енді ежелгі орта ғасырлардағы көшпелілердің кейінгі көшпелілерге жататындары белгілі. Көшпеліліктің осылай дамуы рухани өмірге де көптеген өзгерістер алып келді. Мұндайда айтарымыз, шаруашылықтың, жаңа тұрмыс-тіршіліктің түрлерінің өркендеуі, олардың әлеуметтік ұйымының қалыптасуы, неке және отбасылық мәселелердегі жетістіктері аса маңызды мәселелер болғандықтан бұлар бүгінгі этнография және әлеуметтану ғылымдарының басты нысандары ретінде арнайы зерттеуді қажет етеді.

      Көшпелілер тарихындағы аса бай рухани қазына – ауызша тарих айту дәстүрінің құнды деректері. Біздің ойымызша, қазақ тәрізді бұрын көшпелілер қоғамынан өткен халықтың тарихын зерттегенде Орталық Азия көшпелілерінің тарих жадының олардың өмір сүруін қамтамасыз етудегі әлеуметтік-мәдени ген ретіндегі рөлін айқындайтын ауызша тарихтың материалдарын тарихи-деректік тұрғыдан талдауларға баса мән берілуі тиіс. Шынайы тарихты аңыздандырудан сақтанған кейбір зерттеушілердің әлі күнге дейін көшпелі қауымдастықта туған халқымыздың ауызша тарих айту дәстүрлеріне қатысты деректерді ғылыми айналымға қосуға немкетті қарап келгендері ешкімге құпия емес. Мұндайда еуроцентристік ықпалмен кеткен кейбір зерттеушілердің жазба деректерін өзіміздің халқымыздың төл туындысы болып табылатын ауызша тарих мәліметтерінен жоғары қоятындары ғана емес, халықтың жадына орынсыз күмән келтіретіндері де бізді ойландыруы керек. Кезінде Жібек жолымен жүріп өткен жатжұрттық елшілер мен саудагерлердің айтқандарын шынайы тарих ретінде қабылдардан бұрын дәстүрлі тарих деректерін мәдени артефактілермен, яғни халықтың қолмұраларымен сондай-ақ ежелгі түркі және бұрынғы қытай жазба деректеріндегі көшпелілердің дәстүрлі қоғамына байланысты құнды фактілермен тарихи-салыстырмалы түрде қарастырудың берері мол. Мұндай зерттеу әдістері әрине, ауызша тарих деректерін жан-жақты зерттейтін пәнаралық байланыстарды басшылыққа алуды қажет етеді.

      «Көшпелілік өркениеті» дегеніміз не? Қазіргі ғылымда көшпелілердің адамзат қоғамына қосқан үлесі өзінің әділетті бағасын ала қойған жоқ. Бұл мәселе бірде «көшпелілер өркениеті» деп бағаланса, бірде «далалық өркениет» деп сипатталуда. Осындай шатасулар көшпеліліктің әлі де қандай өркениетке жататыны анықтала қоймағанын байқатады. Оның үстіне көшпелілер өркениет жасай алмайды деушілер де өз арамызда жүр ғой. Мұндайда амал жоқ

Скачать книгу