Скачать книгу

ортағасырларға дейін жалғасып жатыр. Дүниенің төрт бұрышында олар Оңтүстік Францияда, солтүстік Испанияда, ал, ТМД елдері аймағында Оралда, Лена өзені бойында, Кавказ тауларында кездеседі. Ғалымдардың зерттеулері петроглифтердің негізінен алғанда магиялық тұрғыда әр түрлі адами қиялдаудан және дүниетаным түсініктерінен туындап, пайда болғанын көрсетіп отыр. Петроглифтерде негізінен әр түрлі жануарлар, соғысып жатқан жауынгерлер, қос доңғалақты соғыс арбасымен жүйткіп бара жатқан аңшылар, әр түрлі аңдар: бизондар, жылқылар, мамонттар бейнеленген. Кейде аю, үңгір арыстаны тәрізді сирек кездесетін жыртқыштар да кездесіп қалады. Петроглифтердің жазылу стилі және техникасы сан түрлі. Олар жырынды немесе тасқа түсірілген ойықтар немесе әр түрлі минералдық полихрондық бояулармен шимайланған сызбалар түрінде кездесе береді.

      Палеолиттің соңында, мезолитте және әсіресе, неолит дәуірінде петроглифтер кең таралып кетті. Адамдардың сана-сезіміндегі өзгерістер, қияли ойлау түсініктері, діни танымдар, табиғи ортадағы түсініксіз құбылыстарға табыну петроглифтерде кеңінен көрініс тапты. Қола және ерте темір дәуіріндегі петроглифтер әсіресе кең таралған. Олар Сібірдегі Енисейде, Ленада, Тувада, Кавказда, Қырымда, Қиыр Шығыста және Орталық Азияда көптеп кездеседі. Кейбір жартастарда жүздеген тіпті мыңдаған бейнелер салынған. Кең ауқымда салынған олар тұтас жақпар тастарды қамтып, сол дәуірдегі адамдардың тіршілігі туралы мол деректер береді. Егер ертеректегі петроглифтерде жабайы жануарлар, аң аулау көріністері және магиялық бейнелер көптеп кездесетін болса, ал кейініректегі петроглифтерде қолға үйретілген аңдар, адамдардың баспаналары, діни салт-дәстүрлерді орындаулары, ескекпен қайық есіп бара жатқан көріністер, жерді шотпен өңдеу, тонау соғыстары және т.б. қамтылған.

      Қазақстан аймағында 200-ден астам петроглиф ескерткіштері табылды. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгендері Ақбауыр, Арпаөзен, Баянжүрек, Ешкіөлмес, Қаратау, Қойбағар, Майдантал, Мойнақ, Тамғалы тас, ТеректіӘулие тәрізді жақпар тастарға салынған әр түрлі тарихи кезеңдегі қызықты да ауыр тұрмыс-тіршілікті барынша жан-жақты бейнелейтін шытырман оқиғаларға толы ескерткіштер бар13.

      Ақбауыр петроглифтері. Ақбауыр петроглифі қола дәуірінің ескерткіші болып табылады. Ол Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Ақбауыр тауларында 5-6 метр биіктікте үңгірлерде бейнеленген. Ондағы салынған бейнелерге қарағанда суреттерде құрбандық шалу дәстүр-салттары көрсетілген. Сонымен бірге, олардың арасында екі доңғалақты арбаға мініп, жүйткіп бара жатқандар, еркін жайылып жүрген бұқа, биікте қақшиып тұрған тауешкі және жұпыны баспаналарда тұрып жатқан адамдар бейнеленген. Суреттер күңгірт түсті охра бояуымен салынған және б.з.д. ІІІ ғасырдың басына жатады. Бұл тарихи маңызы зор ескерткіштерді 1970-90 жж. әйгілі археолог 3. Самашев басқарған Ғылым Академиясының археологиялық экспедициясы зерттеген14.

      Арпа өзеніндегі

Скачать книгу


<p>13</p>

История Казахстана: энциклопедический справочник. – Алматы, 2010. – 475 с.

<p>14</p>

Самашев З. Грот Акбаур с писаницами в Восточном Казахстане. Проблемы изучения наскальных изо- бражений в СССР. – М., 1990.