ТОП просматриваемых книг сайта:
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов
Читать онлайн.Год выпуска 2016
isbn 978-601-041633-8
Автор произведения Коллектив авторов
Жанр История
Издательство КазНУ
Солтүстік және Шығыс Қазақстандағы тайпалардың мәдениеті Орталық Азияда өмір сүрген тайпалардың мәдениетіне өте ұқсас болды, сонымен қатар алтайлық және Байкал жағасындағы жаңа тас ғасырының тайпаларына анағұрлым жақын келді.
Мәдени дәстүрлердің өзіне тән ерекшелігі мен өзгешелігін сақтай отырып, Қазақстандағы неолит дәуіріндегі тайпалар көршілес жатқан аудандар мен облыстардағы өзге тайпалармен де тығыз байланыста болған.
Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қаратау бөктерінен табылған ашель кезеңіне қатысты ескерткіштерді атаңыз.
2. Алғашқы адамдар арасында таралған көне діндерді атап беріңіз.
3. Тас дәуірін зерттеген қазақстандық ғалымдардан кімдерді білесіз?
4. Қазіргі Қазақстан аумағынан табылған неолиттік ескерткіштердің саны:
5. Ботай мәдениеті Қазақстанның қай өңіріне таралған?
§ 2. Қазақ жері қола дәуірінде
Қазақ жеріндегі қола дәуірінің мекендері. Қола дәуірі – адамзат тарихындағы аса маңызды мәдени-тарихи кезең. Ол қоладан жасалған еңбек құралдарының, қару-жарақтардың, әшекей бұйымдардың және түрлі тұтыну заттарының кең таралуымен сипатталады. Бұл дәуір б.з.б. IV мыңжылдықтың соңынан б.з.б. I мыңыншы жылдықтың басына дейінгі уақытты қамтиды.
Неолит дәуірінде-ақ орын алған шаруашылық өзгерістер б.з.б. II мыңжылдықта малшылық-егіншілік экономика мен едәуір дамыған металлургияның қалыптасуына алып келді. Өндіруші экономикаға көшу бүкіл Қазақстан аумағындағы жағдайды түбегейлі өзгертті. Археологиялық материалдар бойынша, Андронов ескерткіштері қалдырған далалық малшы-егінші тайпалардың мәдениеттерінің ортақтығы баршаға мәлім болып отыр. Барлық жергілікті ерекшеліктеріне қарамастан, ұлан-байтақ аумаққа тараған бұл тайпалар өзара жақын мәдени біркелкілікте өмір кешті.
Адамзаттың жаңа дәуірге аяқ басқанын көрсететін негізгі фактор өндірістік жолмен палеометалдарды игеру болды. Б.з.б. II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін игеріп алды. Қоланың құрамына ерітілген мыс пен қалайы, кейде сүрме, күшала, қорғасын әр түрлі мөлшерде араласып кете беретін еді. Дегенмен де жаңа заманда қола қару-жарақ пен еңбек құралдарын жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат бола бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы мен мыс рудаларының барынша молдығы осы аумақта мықты металлургия ошақтарының пайда болуының бір себебі болды.
Ертеден-ақ Қазақстан аумағында мыстың, қалайының, алтынның бай кен ошақтары белгілі болған. Көптеген мыстан (Жезқазған, Зыряновск, Қаршыға, Жалтыр, Ашылы), қалайыдан (Атасу