Скачать книгу

жататын олжалардың дайындау әдісі, материалдары тұрғысынан Азия мен Африка аумағынан табылған заттарға өте ұқсас және бірегей болып келуі де еріксіз ойландырады. Бұл мәліметтер Қазақстанның төменгі палеолитте адамзаттың қалыптасуы мен даму аймағына, көшу жолдарына тікелей қатысы бар екендігін тағы да дәлелдейді.

      Бұдан шығатын қысқаша қорытынды: Солтүстік Африкадан шығысқа беттеген ежелгі адамдар Қазақстан арқылы Еуропаға және Шығыс Сібірге, онан ары Аляскаға және Америка құрлығына қоныстанды. Бұл кезеңде Қазақстан аумағының климаты жылы және ылғалды, өсімдігі жайқалған, фаунасы алуан түрлі жэне бай болды. Ал іуіұнын өзі ежелгі адамның, яғни гомоэректустың өмір сүруіне және көрші аймақтарға көшіп-қонуларына қолайлы жағдайлар қалыптастырды.

      Жоғарыда айтқанымыздай, адамзаттың дамуының келесі кезеңі, Қазақстан аймағын кейінгі палеолитте мекендеген «ақылды адам» – «хомо сапиенстің» тарих сахнасына шығуымен ерекшеленетінін ұмытуға болмас. Зерттеушілер мұндай адамды алғаш рет Кро-Маньон үңгірінде (Франция) тауып оны осы үңгірдің атымен Кроманьон адамы деп атады. Оның өмір сүрген кезеңі

      6.3. д. 50-45 мың жылдардан 10 мыңыншы жылдыққа дейін созылды. Бүгінде Кроманьон адамының негізгі құралдары найза, шоқпар, шанышқы және жебелі садақ болғаны айқындалып отыр. Яғни, бұл заманда еңбек құралдары айтарлықтай жетілдірілді.

      Алғашқы адамдар о баста үңгірлерде тұрып, біртіндеп жер бетінде жер үйлер жасауға көшті. Тас дәуірінде алғашқы өнердің үлгілері де пайда болды. Алғашқы мүсіншілер тастан және мамонттың мүйізінен мүсіндер жасайтын болып машықтанды. Әр түрлі қияли ой-толғаныстарға берілген олар, үңгірлердің қабырғаларына алуан түрлі суреттер мен бейнелер салып тастады. Сүйекті жонып, қашап кескіндер жасауды меңгерді. Олар күнкөріс қамымен табиғи ортаға бейімделе отырып, жабайы аңдарды қолға үйретті, дән ұрықтарынан өсімдік өсіруді меңгерді.

      Қазақстанда тас дәуірінің зерттелуі. Тас дәуірін зерттеуде қазақстандық ғалымдар айтарлықтай елеулі еңбек сіңірді. Алғашқы тас құралдарының тұрағы табылғалы бері 1,5 ғасырдай уақыт ішінде жүргізілген зерттеулерді археологтар төрт кезеңге бөліп отыр6. Алғашқы кезеңге патшалық Ресей заманындағы орыс географиялық қоғамының, Орынбор мұрағаттық ғылыми комиссиясының, Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің зерттеушілерінің еңбектері жатады. Олардың арасында А. Белослюдов, Ф.Н. Педащенко, И.А. Кастанье, С. Рычков, және т.б. бар. Әуесқойлық ниетпен айналысқан олардың зерттеу жұмыстары алғашқы адамдар мекендерінен кейбір артефактілерді жинаумен шектелді.

      Тас ғасырын зерттеудің екінші кезеңі революциядан кейін басталып ХХ ғасырдың 40-50 жылдарына дейін созылды. Мұнда жекелеген ескерткіштер зерттеле тұрса да, алғашқы тас құралдарын жіктеу хронологиялық тұрғыдан тәртіпке келтіру мәселесі нақты қолға алынбады. Бұл зерттеушілердің қатарында М.П. Грязнов, М.Н. Коморова, П.С. Рыков, С.И. Руденко

Скачать книгу


<p>6</p>

Таймағамбетов Ж.Қ., Байкунаков Д.С. Қазақстанның тас дәуірі (зерттелу тарихы мен негізгі мәселеле- рі). – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 209-б.