Скачать книгу

ашық соғысуды өздері қаламаса, ешкім оларды қуып жете де алмайды, себебі оларда қала да, бекініс те жоқ. Алайда олар өз баспаналарын өздерімен бірге ала жүреді, әрі олардың барлығы да ат үстінен садақты жақсы ататын мергендер. Азықты олар жерден емес, мал өсіруден табады. Осындай жағдайда олар қалай жеңімпаз болмасын», – деген жолдарды кездестіреміз. Геродот мидиялықтардың садақ ату өнерін сақтардан үйренгендігін жазады. Сақтардың ықпалымен, олардың соғыс өнерін ескеріп, Мидия патшасы Киаксар өз елінде тұңғыш тұрақты әскерді құрады. Сақтардың жауынгерлік тұрғыдағы мықтылығы мен ұлылығы туралы мәлімет Інжілде де кездеседі. Скиф (сақ) өзінің жауын өлтіргеннен кейін оның қанын ішеді. Содан кейін өзі өлтірген жауларының басын патшаға әкеп көрсетеді. Жауының басын әкелген жауынгер ғана соғыстан түскен пайдадан үлес алады. Ежелгі грек географы Дионисий Перигиэт осы сақтар туралы: «Согдиананың арғы жағында, Яксарттың (Сырдария) жағалауында сақтар өмір сүреді. Олар әлемдегі атқан оғын далаға жібермейтін ең шебер мергендер», – деп көрсетеді. Сақтардың соғыс өнерін мадақтайтын деректердегі мәліметтердің көптігі бұл мағлұматтардың жалған еместігін айғақтайды. Кир сақ жауынгерлерінің батылдығы мен әскери өнері жөнінде жақсы хабардар болған. Ол егерде парсы әскерінің қатарында жаугершілігімен аттары әлемге әйгілі сақ жауынгерлері болса, онда парсы империясының атақ даңқы мен күш қуаты жер жаратындығын білген. Сондықтан да осы бостандық сүйгіш халықты өз жағына тартудың амалын қарастыра бастаған. Сондықтан да Кир сақтарды өз әскерінің құрамында болуды тек күшпен бағындыру арқылы іске асады деп түсінген.

      Сақ-парсы қақтығысына теориялық тұрғыдан келер болсақ: ежелден бері отырықшы өркениеттермен көшпелі өркениеттер бір-бірімен тығыз байланыста болғанын айтар едік. Бұл байланыс деректерде ең алдымен, мәдени, экономикалық тұрғыдан сипатталған. Б.з.д. VI ғасырда көшпелі сақ тайпаларының отырықшы көршілері Бактрия, Соғдиана, т.б. парсы империясына бағынатын аймаққа айналған. Бұның өзі сақ парсы қақтығысына алып келген алғышарттардың бірі болуы мүмкін.

      Әйгілі грек тарихшысы Геродот: «Массагеттердің тұрмысы скифтерге ұқсас, киім кию үлгісі де бірдей. Олар майданда салт атты әскер ретінде де, жаяу әскер ретінде де соғыса береді. Қару түрінен кәдімгі садақпен қатар, найза мен айбалта кең тараған. Олардың бұйымдары көбіне алтын мен күмістен жасалады. Алайда найза, жебе мен айбалтаның темір бөлігін көбіне мыстан дайындайды. Адамның киімі, белдігі мен ілмешектерін алтынмен өрнектейді. Жылқыларына да мыс сауыт пен төсқағар кигізіп, әбзелдерін алтынмен әрлейді», – деп жазады21.

      Кир үшін қайғылы аяқталатын сақтарға қарсы жорық 530 жылы, оның қартайған (70 жасқа таяу) шағында болды. Кир соғыс бастамас бұрын, сақ патшасы Томириске елші аттандырады: Кир Томириске құда түсіп, оны өзінің әйелі етіп алғысы келеді. Томирис Кирдің оған емес, оның еліне құда түсіп тұрғандығын сезеді де, елшілікті құр қол қайтарады. Мұндай

Скачать книгу


<p>21</p>

Геродот. История в девяти книгах / пер. и примечания Г.А. Стратановского. – М., 2009. – 100 с.