Скачать книгу

аймақтарға, яғни бүгінгі Түркменстанға қоныстанады, сөйтіп олар тарих сахнасында массагеттердің орнын басады. Сол уақыттан бастап Хасарлы теңізінің шығыс жағында көшпелілер жалпылама түрде дайлар деп атала бастаған»32.

      Серікбол Қондыбай Страбонның дайларға байланысты олардың орналасу орнын көрсететін пікірін нақтылай түседі. Ол былай деп жазады: «Страбон былай дейді: «Парны-дат пришли с северных берегов Азовского моря, но тут же он делал оговорку, что не все согласны с тем, что даи есть среди скифов, живущих над Неотидой. Затем Страбон опять подчеркивает, что от этих скифов-даев ведет свой род аршак, зотя некоторые считают его бактрийцем (т.е. выходцем из среднеазиатского государства Бактрии)». Зерттеушінің бұл пікірді осы мәселемен айналысқан В. Щербаковтың еңбегінен алып отырғандығы назар аудартады33.

      Осы айтылған көзқарасқа байланысты С. Қондыбай мынадай тұжырым жасайды: «Егер Геродот пен македондық Ескендір, Страбон заманында гректердің Хасарлы (Каспий) туралы түсінігі ол үлкен мұхиттың шығанағы дегенмен шектелген болса, онда дайлар мекендейді делінетін «выше Меотиды» сияқты аймағы нақты Азаулы (Азов) теңізінің солтүстігі емес, Хасарлы теңізінің солтүстігі болуы да мүмкін.

      Ал рим тарихшысы Аммиан Марцеллин дайларды аландардың ата-бабасы деп жазыпты. Бұл дай – алан этникалық сабақтастығын көрсетеді34. Осы айтылғандардың бәрі дайлардың негізінен алғанда Каспий теңізінің айналасында өмір сүрген байырғы тайпа бірлестігі екендігін анықтай түсетін тәрізді. Сонымен бірге С. Қондыбайдың зерттеулері бойынша «даха» этнонимінің «дай» этнонимімен жақындығы салыстырыла баяндалады. Онда мынандай пікір бар: «… «Даса» этнониімінің ежелгі ирандық («авесталық») айтылу нұсқасы – «Даха». «Авестада» кездесетін этнонимдер арасында «даха» фаһа) атауы да бар, ол сондай-ақ б.з.д. VI ғасырдағы Ксеркстің «дәулер туралы жазуларында» сақ тайпаларымен байланысты аталады. … «даса» мен «даха» сөздері – бір сөздің екі түрлі фонетикалық варианты болып табылады. Сондықтан «Авеста» мен парсы анналдарындағы «даха» (яғни «даса» этнонимінің кездесуіне және оның ортаазиялық көшпелі сақ тайпаларымен байланыстырылуына қарап, «даха» (даса) этнонимінің үндістандық жергілікті аборигендерге ғана емес, расында да ортаазиялықтарға қатысты атау екендігін анықтауға болады.

      Б.з.д. 1 мыңжылдықтың 2-жартысындағы Орта Азия мен Қазақстан тарихында «даха» (дай) атауы шынайы этнонимдік көрсеткіш ретінде көріне бастайды. Ескендір Зұлқарнайын дәуіріндегі Арриан деген автор («Ананбасис») дайларды Сырдарияның оң жағындағы далаларға, яғни бүгінгі Сыр, Ұлытау-Сарыарқа далаларына орналастырса, кейінірек грек географы Страбон (1 ғасыр) дайларды массагеттердің тұрған жерлерінен солтүстікте, «Меотидадан» (?) жоғарырақта» жайлайтынын жазады. … жеке мәселелерге тоқталып жатпай-ақ тақырыпқа қажетті тоқетерін айтар болсақ, «дай» (даха) этнонимі бірнеше ғасыр бойына, Орта Азия мен қазақстандық көшпелілер кеңістігіндегі

Скачать книгу


<p>32</p>

Қондыбай С. Толық шығармалар жинағы. – Алматы, 2008. – 4-том. – 320-321 б.

<p>33</p>

Щербаков В. Асгард и ваны // Дорогами тысячелетий. – М., 1988. – 88 с.

<p>34</p>

Қондыбай С. Толық шығармалар жинағы. – Алматы, 2008. – 4-том. – 321-б.