ТОП просматриваемых книг сайта:
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов
Читать онлайн.Год выпуска 2016
isbn 978-601-041633-8
Автор произведения Коллектив авторов
Жанр История
Издательство КазНУ
Міне, осы жорықтар барысында Батыс Қазақстан өңіріндегі тайпалардың тұрмыс-тіршілігіне қатысты кейбір мәліметтер белгілі бола бастады. Арада жүз жыл өткеннен кейін, Геродот Кирге қарсы күрескен осы өңірдегі тайпаларды Массагеттер деп атады және оларға «үлкен және күшті тайпалар» деген сипаттама беріп үлгерді. Геродоттың айтуына қарағанда, Массагеттер Каспий теңізінен шығысқа қарай жазық далада Аракс өзенінің арғы бетінде өмір сүрген екен. Олардың қоныстанған жерлері мидай батпақ жерлерге алып барады екен. Сонымен бірге бұл кезде толық сулы өзен болған Үзбой массагеттердің оңтүстіктегі шекарасы болса керек. Осы өзеннен арғы бетке өту үшін Кир көпірлер салып, кемелерден мұнаралар тұрғызған.
Кирдің осы елдерге жорығы массагеттердің қахарман патшайымы Томиристы тарих сахнасына шығарғаны белгілі. Әр түрлі әңгімелерге қарамастан, тарихшылар Кирдің осы Үзбой бойында, яғни Амудария жағасында қайтыс болғанын тарихи шындық ретінде қабылдайды. Бұл оқиға б.з.б. 530 ж. тамыз айында орын алған болса керек. Шынайы деректер Кирдің денесі жаудың қолында қалмай, Пасаргадыға әкелінгенін және оның басына үлкен қабір тұрғызғанын айқындап береді. Алайда парсы әскерлерінің Кир қайтыс болғаннан кейін Массагеттермен ұрысты қалай жалғастырғаны туралы біздің қолымызда мәліметтер жоқ.
Дарийдің Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жылдан кейін, яғни б.з.б. 519 жылы қалың әскермен Сақтар еліне барғаны және оның үшкір бас киімдер киетін Сақтармен соғысып, жеңіске жеткенін, олардың бір бөлігін тұтқындап, тіптен Скунха деп аталатын көсемдерін қолға түсіргенін, онан соң бұл тайпаларға Дарийдің жаңа көсем тағайындап, бұл елді өзіне біржолата қаратқанын тарихи деректер атап көрсетеді52.
«Массагет» атауы неге жоғалды? «Массагет» атауының тарих сахнасында уақытша қолданыста болғаны белгілі. Мұның, әрине себебі бар. С.Г. Кляшторныйдың ойынша, б.з.б. ІІІ ғ. Дах (Дай) атауы ертеректе қолданылған жалпы атау Массагетті толығымен ығыстырып шығарған. Бұл үдеріс бұл кезде тіптен, Каспий аймағында да толық аяқталған. Және тағы бір назар аударар мәселе: «солтүстік өңірде, яғни Батыс Қазақстан далаларында және Арал өңірінде
52
Кляшторный С.Г., Султанов ТИ. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневе- ковье. – СПб., 2004. – 39-40 с.