Скачать книгу

қандас туыстықтары бар екені ешбір күдік туғызбайды. Алайда ежелден дербес тайпа ретінде өмір сүріп келе жатқан адайлардың түп-тамырларын түгелдей түрікмендерден іздестіру де шындыққа апаратын жол емес. Мұндайда адайлар неге түрікмен болып қалмаған, қалайша қазақ болып кеткен? – деген табиғи сауал өзінен өзі туындайды емес пе?

      Осы жерде айтпай кетуге болмайтын тағы бір маңызды мәселе бар. Еліміздің тәуелсіздік алуы қытайдағы бауырларымызбен ғылыми байланысымызды жолға қоюға мүмкіндіктер берді. Соңғы жылдары Қытайдағы бауырларымыздың көне қытай жылнамаларын қазақ тіліне тікелей аударған еңбектерімен танысуға және оларды ғылыми айналымға қосуға толық мүмкіндіктер алып отырмыз. Олардан аңғарғанымыз, Еуропаның және Ресейдің синологтары телек тайпасының атын Аде, Ада, Атйе деп біржақты жазып жүр. Шын мәнінде бұл тайпаның екінші, қосалқы аты Едіз екен. Мұны алғаш анықтап көрсеткендердің бірі Л.Н. Гумилев47. Ол «Адйе» атауының жанына жақша ішіне «Эдиз» деп қосымша көрсетіп жазған еді. Бұл ел туралы қытай жылнамасынан қазақ тіліне тікелей аударылған мынадай жолдарды оқимыз: «Едіз (иероглиф керек) немесе (иероглиф керек) деп те жазылады. Бір кезде Байырқылармен бірге сарайға қол тапсырды. Оның жеріне Кеден дуаны құрылды. (Таң Шюанзұң заманы) кәйюан жылдарында Едіз Сетей Түрік Бөгі чорға келіп тізе бүкті. Кейінірек Гуансен, Гуаңан соғыстағы ерлігі үшін, үлкен мансапқа ие болды да Ли деген әулет есімі беріліп, шежіреге енді»48.

      Иә, үзіндіден байқап отырғанымыздай, кезінде Едіздер байырқылармен бірге жүрген, алайда олар байырқылар тәрізді қуатты тайпа бола қоймаған. Сондықтан да олардың басшысы Едіз Сетей Шығыс түрік қағанатын билеуші түрік Бөгі шорға (Қапаған қағанға) келіп тізе бүккен. Осы Едіздердің кезінде шығыстағы телектер жерінде он бес тайпа қатарында жүргендерін төмендегідей жолдардан аңғарамыз: «Телек – асылы ғұнның бір тармағы. (Таң Гаузу заманы) Удының (618-626) алғашқы жылдарында Сір-енда, Қыбыт, Құйғыр, Тыба, Құрықан, Теленгіт, Бүркіт, Байырқы, Тоңра, Ғұн, Сегет, Қоқсар, Қығыт, Едіз, Ақ септер Маңғар шөлдің теріскейіне бытырап қоныстанады. Олар түгелімен Телек ұлысына қарады». Алайда кейініректе жаңа Сір-енда одағына біріккен Байырқы, Адйе (Едіз) және т.б. телек тайпаларымен оларға туыстас түркі тайпаларының арасындағы қарым-қатынас мүлде нашарлап кетті. Оның үстіне 745 жылдан бастап Құйғырлардың күшеюі телек тайпаларын мүлде ыдырата түсті. Осындайда олардың батысқа қарай жылжу үдерістері басталды.

      Едіздерге байланысты тарихи деректердің шынайылығы еш күдік туғыза қоймас. Алайда Адйе (Едіз) деген этнонимнің біз әңгімелеп отырған Адай атауына жақындығы дәлелдене қойған жоқ.

      Керісінше, «Адай» этнонимін «Дай» атауынан шығаруға тырысатындардың пікірлері сенімдірек естіледі. Бұл істің бастауында белгілі қазақ ғалымы С. Аманжолов тұр. Өзінің зерттеулерінде кезінде оның былай деп жазғанын білеміз: «Нам кажется, что адаи относятся к древным даям, которые упоминаются рядом с саками или массагетеми у древнегреческих географов и историков

Скачать книгу


<p>47</p>

Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М., 1993. – 62 с.

<p>48</p>

Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері (б.з.б. 177-б.з. 222 жылдары). 2-кітап. – Алма- ты, 2006. – 217-б.