ТОП просматриваемых книг сайта:
Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы. А. Турлыбекова
Читать онлайн.Название Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-0713-8
Автор произведения А. Турлыбекова
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
5. Алғашқы және қайталама бағалы қағаздар нарықтарының айырмашылықтарын атаңыз.
6. Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарықтарының айырмашылықтарын атаңыз.
7. Биржалық және биржадан тыс нарықтарының айырмашылықтарын атаңыз.
8. Дәстүрлі және компьютерлендірліген нарықтардың айырмашылықтарын атаңыз.
9. Бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын атаңыз.
10. Бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының мәнін түсіндіріңіз.
11. Бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының жіктелімін беріңіз.
12. Тәуекелдің мәні мен түрлерін сипаттаңыз.
13. Жүйелік тәуекелдің жіктелімін беріңіз.
14. Жүйелік емес тәуекелдің жіктелімін беріңіз.
15. Бағалы қағаздар нарығын талдаудың түрлерін сипаттаңыз.
16. Техникалық талдаудың қағидаларын атаңыз.
17. Техникалық талдау мен түпкілікті талдаудың бір-бірінен айырмашылығын түсіндіріңіз.
18. Техникалық талдауда қолданылатын кестелердің түрлері.
3-тапсырма. Термин – анықтама
Сол жақ бағандағы терминді оң жақ бағандағы анықтамамен сәйкестендіріңіз.
4 – ТАРАУ
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУ
4.1 Бағалы қағаздар порфелінің мәні
Қор нарығының әлемдік тәжірибесінде қалыптасқан инвестициялық портфель – басқару объектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі бағалы қағаз түрлерінің жиынтығын білдіреді.
Бағалы қағаздар протфелі – бағалы қағаздар нарығы субъектісінің меншігіндегі немесе басқаруындағы әртүрлі бағалы қағаздардың жиынтығы.
Бағалы қағаз портфелін қалыптастыру барысында оның құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы басқарушы менеджер тәуекел мен табыстың арақатынасы негізінде жаңа инвестициялық сапаны қалыптастырады.
Қалыптастырылған бағалы қағаздар портфелі – тәуекел дәрежесі мен табыс деңгейіне, қамтамасыз етілуіне қарай корпоративті облигациялар мен акциялардың және өзге де бағалы қағаздардың жиынтығын білдіреді. Бағалы қағаздар портфелінің құрылымын бір бағалы қағаздың орнына басқа бағалы қағазды алмастыру арқылы өзгертуге болады.
Инвестор үшін бағалы қағаз портфелі минималды тәуекелділік деңгейінде, тұрақты табысты қамтамасыз ететін құрал болып табылады. Бағалы қағаз портфелі бойынша табыс – тәуекел деңгейін ескере отырып, қандай да бір портфелде қалыптасқан барлық бағалы қағаздар жиынтығынан түскен жалпы табысты білдіреді.
Бағалы қағаздардың инвестициялық сапасын ескере отырып, нақты бір кезең ішінде портфельге тиесілі тәуекел мен инвестор күтетін табыс арасында балансы бар, әртүрлі бағыттағы портфельді қалыптастыруға болады. Аталған факторлар бағалы қағаздар портфелінің типтерін анықтайды. Бағалы қағаздар портфелінің типтері – бұл табыс пен тәуекелдің арақатынасына негізделген портфельдің инвестициялық сипаттамасы. Портфельдің типтерін жіктеудің негізгі белгісі – курстық құнының өсуі немесе ағымдағы төлемдер