Скачать книгу

қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық емес ұйымдардың артықшылықты акцияларды шығаруға құқығы жоқ.

      Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның орналастырылған акцияларының жалпы санының жиырма бес пайызынан аспауы тиіс.

      Мынадай жағдайларды қоспағанда артықшылықты акция иесінің қогамды басқаруға қатысуға құқығы жоқ:

      1. қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселесін қараса;

      2. қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы мәселесін қараса;

      3. артықшылықты акция бойынша дивиденті төлеу үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде толық мөшерде төленбесе.

      Әлемдік тәжірибеде жай және артықшылықты акциялардың бірнеше түрлері бар. Сонымен, артықшылықты акцияларды мынадай түрлерге жіктеуге болады:

      • кумулятивті акция – төленбеген немесе толық көлемде төленбеген дивидендтер жинақталып, кейін толық көлемде төленетін акцияның түрі;

      • конвертацияланатын (айырбасталатын) акция – акционерлік қоғамның бағалы қағазды шығару пропектісімен айқындалатын талаптар мен тәртіп арқылы оның бағалы қағазының басқа түріне айырбасталуға жататын бағалы қағаз.

      Бұл акцияның түрі мынадай жағдайларда айырбасталуы мүмкін:

      1. қоғамның қажеттілігіне қарай акционерлерден акцияны қайта сатып алу;

      2. басқа бағалы қағаз түріне;

      3. номиналдық құны жоғары акцияны номиналдық құны төмен акцияға және керісінше;

      4. құқық көлемі жоғары акцияны құқық көлемі төмен акцияға және керісінше.

      Қоғам айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға оның жарғысында осы бағалы қағаздың түрін шығару мүмкіндігі көзделген жағдайда ғана құқылы. Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау талаптары мен тәртібі айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару проспектісінде көрсетіледі.

      • қатысу үлесі бар акция – акция иесіне тіркелген дивидендпен қатар қосымша дивиденд алуға құқық береді.

      • кепілдікті акция – бұл акцияның түрін еншілес кәсіпорындар шығаруы мүмкін. Бұл жағдайда дивидендті төлеу жоғары тұрған ұйымның беделімен кепілдендіріледі. Бұл еншілес кәсіпорындардың шығарған акцияларына инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.

      1. «Алтын акция» – құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе акционерлердің жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивидендтер алуға қатыспайтын «алтын акцияны» енгізуі мүмкін. «Алтын акция» иесі акционерлердің жалпы жиналысының, директорлар мен атқарушы органның шешімдеріне қоғам жарғысында белгіленген мәселелер бойынша вето қою құқығы болады. «Алтын акция» куәландырған вето қою құқығы басқаға берілмеуі тиіс. (Акцияның жіктелімі 4-кестеде берілген).

4-кесте

      Акцияның жіктелімі

      5.3 Акция бойынша дивиденд төлеу тәртібі

      Дивиденд (лат. dіvіdendum – бөліске түсемін) –

Скачать книгу