ТОП просматриваемых книг сайта:
Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы. А. Турлыбекова
Читать онлайн.Название Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-0713-8
Автор произведения А. Турлыбекова
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Техникалық талдау мынадай үш басты ңагидага негізделеді:
1. Көрініс қағидасы. Бұл қағиданың мәні – экономикалық, әлеуметтік, психологиялық және т.б. жағдайлар тауар бағасында көрініс табады. Техникалық аналитиктер бағаның өзгеруіне қандай факторлардың әсер еткендігін анықтайды және қандай бағытта өзгерістердің болатынына болжам жасайды. Көрініс қағидасының көмегімен «жақсы жаңалықтар пайда болған кезде сату керек» деген ереже қалыптасқан. Жақсы жаңалықтардың әсері тез арада бағада көрініс табады.
2. Тренд қағидасы. Тренд – экономикалық көрсеткіштердің ұзақ өзгеруі тенденциясы. Нақты бағытқа сәйкес баға өзгеріп отырады. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тренд қалыптасып, қарама-қайшы көрсеткіштер пайда болғанға дейін тұрақты күйде қалады. Мысалы, трендтің өсімін қалыптастыратын тауардың нарықтық құны бір бағытта өзгеріп отырады, яғни өсіп отырады. Бұл тренд бағытты өзгертуді ескертетін құн төмендегенше басымдық сипатта болады. Осы кезде жаңа тренд пайда болады. Трендті және оның өзгеріс кезеңін анықтау техникалық талдаудың мақсаты болып табылады. Нақты трендтің көмегімен жүргізілетін операциядан оң нәтиже алу мүмкіндігін көтеруге болады. Баға нақты бір бағытқа қарай өзгеретін болса баға трендте болады. Баға жоғарғы бағытқа қарай өзгеретін болса өсу немесе ап-тренд (ир іғепй), баға төменгі бағытқа қарай өзгеретін болса төмендеу немесе даун-тренд (йотоп Іғепй), баға оңға немесе солға қарай өзгеретін болса «бүйір қозғалыс» немесе гапде (рейндж) деп атайды.
3. Қайталау қағидасы. Нарықта уақыт өте келе пайда болатын модельдік жағдайларды анықтауды білдіреді. Бұл модельдер болған жағдайларға түсініктеме бере отырып болашақта құнның өзгерісіне болжам жасауға мүмкіндік береді. Қайталау қағидасы жаңа бағытта әрекет етуге бұрыннан қалыптасқан тәжірибе мүмкіндік береді.
Техникалық аналитиктер талдауды жүргізу барысында құнның өзгерісін сипаттайтын және көрсететін кестелерді немесе әртүрлі сипаттағы графиктерді, диаграммаларды пайдаланады.
Техникалық талдау барысында кеңінен қолданылатын әдістер:
1. Бағаналы диаграмма. Диаграммада баға бағана түрінде көрсетіледі. Бағаналы графиктің төменгі жағы бағалы қағаздың минималды құнын сипаттайды, ал жоғарғы жағы – бағаның максималы құнын сипаттайды. Бағалы график горизонталды бағытта да сипатталады, бұл кезеңнің соңындағы құнды көрсетеді.
2. Нүктелі диаграмма. Техникалық талдауда нарықтың тенденциясын сипаттайтын бұрыннан қолданылып келе жатқан әдіс болып табылады. Кейбір аналитиктер трендті анықтау мақсатында осы диаграмманы пайдаланады. Нүктелі диаграмма мен қарапайым кестенің арасында құнның өзгерісін сипаттауда және диаграмманы қалыптастыруда өзара айырмашылықтар