ТОП просматриваемых книг сайта:
Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы. А. Турлыбекова
Читать онлайн.Название Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-0713-8
Автор произведения А. Турлыбекова
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
1. Бағалы қағаздар нарығының жай қатышушылары
1.1 Мемлекет, муниципалитеттер, ірі ұлттық және халықаралық компаниялар. Олардың бағалы қағаздарды шығаруы және оны жүзеге асыруы көп қиындық тудырмайды. Осы топтың шығаратын бағалы қағаздары жоғарғы табысты қамтамасыз етпейді, дегенмен мемелекеттік бағалы қағаздарға деген нарыққа қатысушылардың сенімділігі жоғары;
1.2 Бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыратын қаржылық институттар (коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары және т.б.);
1.3 Инвесторлар – жеке және институционалды инвесторлар.
2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мыналар:
2.1 Брокер – бағалы қағаздар нарығы клиентінің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүдделерін көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы.
2.2 Дилер – ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында оған тікелей кіру құқығымен өз мүдделерін көздеп және өз есебінен (эмиссиялық) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдармен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы.
2.3 Тіркеуші – бағалы қағаздар нарығының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімдері жүйесін қалыптастыруды, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын кәсіби қатысушы.
2.4 Бағалы қағаздарды нақты ұстаушы – нақты ұстау шартына сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың атынан және есебінен белгілі бір заңды іс-әрекеттерді жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерін тіркеуге байланысты қызметті жүзеге асыратын кәсіби қатысушы. Орталық депозитарий, кастодиан, брокер және дилер нақты ұстау қызметін көрсетуге құқылы.
2.5 Кастодиандар – бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге қызметті жүзеге асыратын кәсіби қатысушылар.
2.6 Орталық депозитарий – орталық депозитарий коммерциялық емес ұйым болып табылады. Орталық депозитарий Қазақстан республикасы аумағында депозитарлық қызметті жүзеге асыратын бірден-бір ұйым болып табылады. Депозитарий қызметі – бағалы қағаздар иелерінің құқықтарын есепке алу және растауға, бағалы қағаздармен мәміле жасауда техникалық жағынан қамтамасыз етуге байланысты қызмет.
2.7 Инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушы – бағалы қағаздар нарығының азаматтық құқықтық объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан, клиенттің мүдделерін көздеп және соның есебінен жүзеге асыратын кәсіби қатысушы.
2.8 Сауда-саттықты ұйымдастырушылар – қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымы жатады.
2.9 Трансфер