ТОП просматриваемых книг сайта:
Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы. А. Турлыбекова
Читать онлайн.Название Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-0713-8
Автор произведения А. Турлыбекова
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Өтімділік тәуекелі бағалы қағаз сапасының төмендеуіне байланысты бағалы қағаздарды сату барысында туындайтын шығын немесе активтерді сата алмауға да байланысты туындайды. Өтімсіз активтер жоғарғы табыстарға қол жеткізе алмайды және оларды сату барысында оның құнын төмендетуге тура келеді.
Операциялық тәуекел – нарықтағы оператордың әрекетіне байланысты туындайтын тәуекел. Тәуекелдің бұл түрі техникалық сипатқа ие.
Коммерциялық тәуекел – кәсіпорынның қызметінен күтілетін нәтиженің ауытқуынан туындайтын тәуекел. Эмитент кәсіпорынның қаржылық жағдайына эксперттік талдау жүргізу барысында аталған тәуекел бағаланады. Зерттеу барысында мынадай көрсеткіштер қарастырылады: сату көлемі, жалпы табыс, төленген салықтар, еңбекақының көлемі, күрделі қаржы жұмсалымы және тб.
Маркетингтік тәуекел – нарықта кәсіпорынның мінез-құлық стратегиясын таңдауға байланысты.
Іскерлік бедел тәуекелі – басқарудың тиімділігімен, инвестициялық және өндірістік қызметтің тиімділігімен анықталады.
Әртараптандырылған немесе жүйелік емес тәуекел бағалы қағаздың нақты түріне байланысты.
Әртараптандырылған немесе жүйелік емес тәуекел инвестициялаудың объектісіне байланысты тәуекел, инвестициялаудың бағытына байланысты тәуекел, іріктемелі (селективті) тәуекел және технологиялық тәуекел болып жіктеледі.
Әртараптандырылған тәуекелдің жіктелімі 3-кестеде берілген.
Инвестициялаудың объектісіне байланысты тәуекел, эмитентке және оның табыстылығымен, бағалы қағаз бойынша табыс төлеу қабілеттілігіне байланысты туындайды.
Әртараптандырылған немесе жүйелік емес тәуекел жіктелімі
Дивидендтерді төлей алмауға байланысты тәуекел – акция бойынша дивидендті төлемеу пайданың болмауына байланысты емес, инвестордың компаниядағы жеке жағдайына байланысты болуы мүмкін: біріншіден, инвестордың құқық көлеміне қарай, яғни дивидендтің көлемі, инвестордың дауыс беру құқығы және т.б.; екіншіден, акцияның нарықтағы позициясына қарай, яғни шығарылым көлемі, нарықтағы айналымының жағдайы, бағалы қағаздарды қосымша немесе келесі кезеңге бағалы қағаздарды шығару