ТОП просматриваемых книг сайта:
Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы. А. Турлыбекова
Читать онлайн.Название Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-0713-8
Автор произведения А. Турлыбекова
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Бағалы қағаздар нарығының техникалық инфрақұрылымы
– жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысу жүйесін білдіреді. Мынадай қызметтерді қамтиды: депозитарлық қызмет (бағалы қағаздарды сақтау, бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу); бағалы қағаздар иелерін тіркеуді жүзеге асыру және сақтауға байланысты қызмет; есеп айырысу және клирингтік қызмет. Жоғарыда аталған қызмет түрлерін сәйкесінше мына мекемелер жүзеге асырады: орталық депозитарий, тіркеуші және клирингтік мекеме.
Бағалы қағаздар нарығының ақпараттық инфрақұрылымы
– байланыс жүйесі мен ақпараттық жүйеден тұрады. Ақпараттық жүйе – ақпаратты (мәліметтерді) жинау, өңдеу және бағалы қағаз нарығына қатысушыларға эмитент туралы ақпаратты, шығарылған жаңа бағалы қағаздар туралы, оның бағасы және бағалы қағаздармен сауда-саттықты жүргізу орны туралы және т.б мәліметтерді беру. Байланыс жүйесін – телекоммуникациялық жүйе деп те атайды.
3.5 Бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелдер
Тәуекел – күрделі экономикалық категория. Нарықта жаңа тәуекелдің түрлері пайда болып отырады. Тәуекелді жою немесе мүлдем болдырмау мүмкін емес, бірақ тәуекелдің деңгейін төмендетуге немесе әртүрлі шаралардың көмегімен тәуекелдің алдын алуға болады. Сондықтан, тәуекелдің пайда болу себептерін анықтап, тәуекелдің салдарын бағалап, тиісті шараларды қолдану қажет.
Бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен операциялар жасау барысында инвестор эмитенттің қызметіне байланысты туындайтын және оның қызметіне байланыссыз болатын тәуекелдерге барады. Бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелдерді үлкен екі топқа бөледі:
• жүйелік тәуекел, яғни эмитент компанияның қызметіне байланыссыз нарықтағы өзгерістерге тиеселі экономикалық факторларға негізделген тәуекел. Мұндай тәуекел әртараптандыруға жатпайды, сондықтан оны әртараптаидырылмайтын тәуекел деп атайды.
• жүйелік емес тәуекел, яғни эмитенттердің қызметіне негізделген тәуекел. Мұндай тәуекелдерді инвестициялық қоржынды әртараптандыру арқылы немесе өзге эмитенттердің бағалы қағаздарына қаражат салу арқылы қалыпқа келтіруге болады, сондықтан оны әртараптандырылған тәуекел деп атайды.
Жоғарыдағы аталған тәуекелдің екі түрі әртүрлі белгілері бойынша өзара тағы жіктеледі. Әртараптандырылмайтын тәуекелдің жіктелімі 2-кестеде