ТОП просматриваемых книг сайта:
Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы. Т. Омарбеков
Читать онлайн.Название Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы
Год выпуска 2016
isbn 9786010410534
Автор произведения Т. Омарбеков
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Жағдайды Ілік қағанның Оянлин тауындағы (Шаньсидағы) шайқаста жеңілуі біржолата шешті. Осында төңірегіндегі ханзадалар сатқындық жасаған ол, шегіне қашқанда, аңдаусызда қолға түсіп, Таң патшалығының астанасы Чаньанға жеткізілді. Алайда қытайлықтар оны қатал жазалау түріктермен қарым-қатынастарды шиленістіре түсетінін түсінді. Сондықтанда оған қытай императоры қытайдың жартысын күйзелткен қасіретті жорықтарына қарамастан кешірім жасап, аң аулайтын қорық беріп, жақындарын түгел өзіне қайтарып, еркіншілік берді. Бұл да түркі билеушілерін өздерінің жағына тартуды көздеген қытайдың үлкен саясаты еді.
Алайда жат жерде өзінің бейшара халіне Ілік қаған көндіге алмады. Ылғи да оңаша қалып, туған жердің мұңлы да, зарлы әуендеріне күйзеле бой алдырған ол, ауыр қайғыға берілді. Ақыры ешкімге керексіз болған, бір кездері есімінің өзі ғана бүкіл қытай әлемін тітіренткен қаһарлы қаған көз жасын көл етіп, жат жерде ащы құсадан өлді. Қайсар тұлғадан айрылған түркі халқы да қаңғырып қалды. Олардың біразы қытайды мойындаса, ал оған бағынғылары келмегендер Батыс Түрік қағанатына жөңкіле көшті. Айналасын айбарымен тұншықтырған қуатты Шығыс Түрік қағанаты осылайша тәуелсіздіктен айрылып, бодан елге айналды.
Шығыс түркілерінің екінші қағанаты
Қытайлықтардың ықпалына амалсыз түскен түркілер діні де, тілі де бөлек елден қалай да іргені аулақ салып, тәуелсіздікке қол жеткізуді жатса да тұрса да армандаудан бір танбады. Бұл үшін Таң патшасының көзін жою қажет еді. Осыны басты мақсатқа айналдырған шығыс түркілері 639 жылы Төліс қағанның туыстарының ұйымдастыруымен қытайдың патша сарайы төңірегіндегілермен байланыстар жасап, Таң Тайцзунға қарсы қастандық ұйымдастыруды қолға алды. Алайда, бұл әрекет патша сарайына белгілі болып қалып, Таң Тайцзун Хуанхэ өзенінің оңтүстігінде орналасқан түркі тайпаларынан шындап қауіптеніп, оларды өзеннің арғы бетіндегі түркілердің ежелгі мекеніне қайта көшіріп орналастыруды шұғыл түрде қолға