Аннотация

Оқулықта ортағасырлардағы Қазақстан тарихы, ерте орта ғасыр кезеңіндегі алғашқы Түрік, Батыс түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттары, Оғыздар, Қарахандар, Қимақтар және Қыпшақтар мемлекеттері өмір сүрген кезеңнің өзекті мәселелері, моңғол шапқыншылығы мен моңғолдан кейінгі XIV-XV ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы жаңа саяси құрылымдардың қалыптасуы, XV ғасырлардың ортасында Қазақ хандығының құрылуы, билеушілерінің жүргізген саясаты қарастырылады. Оқулықтың негізгі идеясы қазақ мемлекеттігінің тарихы өте бай екендігін, қазақ этногенезінің қалыптасуы мен қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетін дамытуға ықпал жасаған ұзаққа созылған тарихи дамудың жемісі екендігі туралы ой болып табылады. Оқулық тарих мамамандығы бойынша білім алатын студенттерге, оқытушыларға арналған.

Аннотация

Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша құрылған негізгі оқу жоспарына сәйкес семинар сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқаулықта студенттерге жалпы семинар сабақтарына қойылатын дайындық талаптары мен жеке тақырыптар бойынша нақты әдістемелік нұсқаулар берілген. Нұсқаулықта В5020300 – тарих мамандығы бойынша білім алатын студенттерге барлығы 15 тақырып бойынша семинар сабақтарының әзірлемесі ұсынылған. Әдістемелік нұсқаулық тарих мамамандығы бойынша білім алатын студенттерге, оқытушыларға арналған.