ТОП просматриваемых книг сайта:
Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы. Т. Омарбеков
Читать онлайн.Название Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы
Год выпуска 2016
isbn 9786010410534
Автор произведения Т. Омарбеков
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Осылайша қантөгіспен жеңіп алған тәуелсіздікті тек батыстағы түркітілдестерді бөрілі байрақ астына біріктіргенде ғана мүмкін болатынын жақсы түсінген кек түріктер 555 жылы Орта Азияда үстемдік жасаған эфталиттерді, ал 558 жылдарға қарай алғаш Батыс Сібірді, онан соң Огорлар жайлаған Оңтүстік Оралды бағындырып, Еділ бойына билік орната бастады. 554 жылы Ашына Бұмынның ұлы Мұқан қаған оңтүстіктегі парсылармен келісім жасап, Темір қақпаны шекара етіп белгіледі. Қырғыз, Қидан, Татабы тәрізді әртүрлі тілдерде сөйлейтін елдердің бәрі енді көк түріктердің қоластына қарады. 579 жылы қайтыс болған ағасы Мұқан қағанның орнына таққа отырған Таспар қаған Түрік елін бас қарсыласы Қытаймен терезесі тең ұлы мемлекетке айналдырды. Осылайша тәуелсіз елге айналған түркілердің арайлы арманы орындалды. Бұл тарихты кейініректегі Білге қағанның басында кешендегі жылнама былай баяндалды: «Жоғарыда көк Тәңірі, теменде қара жер жаратылғанда, екіарасында адам баласы жаралған. Адам баласы үстіне ата-бабам Бұмын қаған, Істемі қаған таққа отырды. [Таққа] отырып түрік халқын, елін (мемлекетін), төрін орнатты қалыптастырды. Төрт тараптағылар қарсы жау болды. Қол аттандырып, төрт тараптағы халық бағындырды. Бағындырып бейбіт қылды. Басы барды жүгіндірді тізеліні бүктірді. Ілгері Қадырхан жынысына дейін, кері-Темірқақпаға дейін иеленіп, қоныстандырды. [Кезінде] екі аралықта иеліксіз жүрген көк түріктер осылай отырар еді. Білікті қағандар болған айбынды қағандар болған. Бұйрықтары (қолбасшылары) да білікті болған, айбынды болған. Бектері де, халқы да түзу болған екен. Содан елдік кұрып, тұтқа болды. Ел болып, төрін орнатты». Иә, алғашқы Түркі қағанаты, шындығында да, түркітілдестердің тәуелсіздік рухын ту етіп көтерген аса қуатты мемлекеті болды. Ол өзінің сипаты жағынан әскери империя еді. Елді кім көрінген билей алмайтын. Бұл үшін басты әлеуметтік шарт – қаған болатын тарихи тұлға, ең алдымен, Ашына әулетінен шығуы тиіс еді. Ашынадан шыққан қағандар мен олардың бауырлары «тегіндер» мемлекеттің әскери ұйымын басқарды.
Ең бастысы, халықтың рухани дүниетанымы мен мемлекеттік идеология да бір арнаға тоғысып жатты. Елдің бәрі, тіптен тұңғыс-манчьжур тілінде сөйлейтіндер де бұл тұста Тәңірге табынды. Көк түріктер тәрізді көшпелі тұрмыс кешкен бұлар өздерінің тілдерімен қатар түрік тілін де жақсы меңгергендіктен, түркілер мемлекетін құру идеясына табанды қарсылық көрсете қойған жоқ әрі түсіністікпен қарады. Дін мен тілдің рухани жақындығы Түрік қағанатындағы әртүрлі халықтарды ортақ