ТОП просматриваемых книг сайта:
Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы. Т. Омарбеков
Читать онлайн.Название Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы
Год выпуска 2016
isbn 9786010410534
Автор произведения Т. Омарбеков
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Дегенмен де Шығыс түркілерінің күш-қуатының артуы қытайлықтардың өздерінің арасына іріткі салды. Олардың билеуші Суй әулетіне наразы көптеген әкімдері Суар қағанның жағына шыға бастады. Түркілер жеріне халқымен қоса қотарыла көшіп барумен шектелмей, өздерінің қандас Суй әулетіне қарсы түркілердің бөрілі байрағын желбірете көтеріп, қанды жорыққа аттанған, тіптен жаңа қожаларына адалдықтарын дәлелдеу үшін, есімдерін түркіше өзгерткен қытай билеушілері де болды. Мұндай қытайлар ақырында Суар қаған бастаған түркілердің күшіне қосылып, 618 жылы ел астанасы Чан-анға баса-көктеп кіріп, қытайды билеуші Суй әулетін тақтан тайдырды. Енді қытайдағы билікке Таң әулеті келді. Ал байырғы қытай елі осыған сәйкес Таң патшалығы деп жаңаша аталатын болды. Жаңа әулеттің таққа келуіне байланысты шығыс түркілері аймағына қашып барып паналаған көптеген қытайлықтар елдеріне қайта оралды. О баста Таң әулеті өзіне жақсылық жасаған Суар қағанды қолдап шықса да, онымен ұзақ уақыт ымыраға келу мүмкін еместігін түсініп, көп кешікпей-ақ одан іргесін аулақ сала бастады.
619 жылы Ордосқа шабуыл жасаған Суар қаған қайтыс болды. Оның орнына інісі Ілікбек шад (Қара қаған, оны Л.Гумилев Чуло-хан деп атайды) таққа отырса да, ол 18 ай ғана ел басқарды. 620 жылы ағасының орнына тақты жоғарыда айтылған Замған қағанның үшінші ұлы Бағашұр шад Ілік қаған (Л.Гумилевте – Кат Иль-хан, ал С.Кляшторныйда – Ел қаған) деген атпен иемденіп, түркілерді қытайға