ТОП просматриваемых книг сайта:
Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы. Т. Омарбеков
Читать онлайн.Название Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы
Год выпуска 2016
isbn 9786010410534
Автор произведения Т. Омарбеков
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Ал енді Шығыс түріктеріне келсек, олар өздеріне қандас Түргештердің бөлініп, дербес хандық орнатуларын ашықтан-ашық жаулықпен қабылдады. 708 жылы Үшелік қаған өлгеннен кейін оның баласы Сағаның тұсында Түргештердің Шығыс Түрік қағанатымен қарым-қатынастары ерекше шиеленісіп, ол ақыры ашық қарсы тұруға ұласты. Осының салдарынан Шығыс түріктерінің Түргештерге жасаған екі соғыс жорығы белгілі. Орхон жазуларында Бөгі чор (Қапаған) қағанның тұсында түріктердің Алтай жотасынан асып түсіп, Қара Ертіс арқылы өтіп, Түргештердің ханымен Болчу өзенінде 711 жылы шайқасқаны және осында түргештердің ханы Сақаның өлтірілгені, ал оның әскерінің талқандалғаны туралы айтылған.
Мұның алдында ғана елдің көпшілігінің, дәлірек айтқанда Сары түргештердің қолдауына сүйенген туған ағасы Сақаның беделін көре алмаған Үшеліктің кіші ұлы Жану Бөгі чордың жағына шығып кеткен еді. Сатқындықты кешірмейтін Бөгі чор оны қолдай қоймай, опасыздығы үшін басын алған болатын. Осы жеңілістен соң Түргештер мен Нүшбелер батысқа қашты. Оларды тоқтату үшін Күлтегін бастаған шығыс түркілерінің әскері жеделдете аттанып, Қара түргештерді (Аз тайпасы басқарған Дулу руларын) өздерінің ата мекені Тараз өңіріне қайтарды. Бірақ, Сары түргештер (Сары үйсіндер) мен Нүшбелер (Сары қаңлылар) шығыс түріктеріне бәрібір бағынбай, батыстағы елдің ішіне тереңдей еніп кетті.
Осы жерде түсінікті болу үшін айта кетер бір нәрсе, Қытайдың арандатуымен және Түргеш билеушілерінің өзара тартыстарының әсерінен, түргештердің тайпалық одақтары екіге бөлініп кетті. О бастан-ақ билікте отырған Сары түргештердің әскери әкімшілік бірлестігінен Аз тайпасы басқарған Дулу рулары бөлініп шықты. Олар биліктен тысқары жергілікті халықты құрағандықтан Қара түргештер деген атау алды. Қытай жылнамаларындағы деректерге қарағанда, түргештердің жоғарыда әңгіме болған ханы Сақаны (708-711 жж.) жақтайтындар Сары түргештер деп аталса. Ал Сақадан соң таққа отырған Түргештің Сұлу (қытай деректерінде-Сүлік) қағанына (711-738 жж.) ілескендер Қара түргештер делінетін болды. Сұлу билікте болғанда оның мемлекеті Қара түргеш хандығы деп аталды. Дегенмен де ішкі саясатта кешірімпаз Сұлуға Сары түргештер де, және жалпы Он оқ елі біртіндеп түгелдей бағынды. Олардағы халық