Скачать книгу

өзі ағайындыларымен Бұрхан Қалдұн тауына қашып кетеді де, кейін әкесінің досы Тұғырылға барып көмек сұрайды. Соңғысы оның бетін қайтармайды. Тіпті өзінің одақтасы Жалайырдың қаны Жамұқаға адам жіберіп, меркіттермен бірге соғысуға келісім жасасады. Осылай Темүжіннің саяси биіктікке өрлеу басталады.

      Тайпаларды біріктіріп, өзінің кешегі одақтастары Тұғырыл мен Жамұқа қандарды жойып, олардың елдерін өз қарамағына алған Темүжін, басты қарсыласы Найман қандығымен соғысуға бел буады. Оған себеп болғаны Жамұқа мен Темүжін соғысып жүргенде Найманның Бұйрық қаны Жамұқамен одақтас болған еді.

      Сол тышқан жылы (1204 ж.) екі жақ соғысып, Таян қан ауыр жарақат алып өледі. Темүжін Найман еліне Алтай алқабында ойран соққы беріп, оларды тұтас бодан етеді. Таянның ұлы Күшлік қан қашып құтылып, Бұйрық ағасына барып қосылады.

      1208 жылы Шыңғыс қаһан Найман мен Меркіт одақтасты әскерін жеңіп, қалған Найман елін бодан қылады. Елін тастап Алтайдан асқан Күшлік шамалы наймандар мен меркіттерді бастап Ертістен өткенде, «мұз ойылып, көбі суға кетіп өледі. Найман мен меркіттердің шағын адамы Ертістен өтіп, безіп кетеді. Найманның Күшлік қаны Ұйғырдың Қарлұғын басып, Сартауыл жерінің Шүй өзеніндегі қара қытайдың Гүр қанына барып паналайды».12

      Жетісуға қашқан Күшлік Қарақытайдың Гүр қанын паналап, кейін төңкеріс ұйымдастырып, Жетісудағы билікті өз тізгініне алады. Бірақ, бұл оқиғаны төңкеріс деп айтуға да келмейді, өйткені Гүр қан билікті өзі беруге мәжбүр болды. Хорезмның шахы Мұхаммет 1210 жылы Талас өзенінің жағасында Гүр қанның әскерін тас-талқан етіп, қарақытайлар шығысқа қарай қашады. Жолай өз елін тонап, олар бүлік шығарған Баласағұнды алуға бел буады. Ал қала тұрғындары есігін жауып алып, тонаушыларды кіргізбей қояды. Сол кезді пайдаланып Күшлік Қарақытай мемлекетінің қазынасын өз қолына алып, Баласағұнға келгенде, Гүр қан оның билігін мойындайды. Күшлік өз астанасын Қашқар қаласына орналастырады.

      Шыңғыс қаһан, Күшліктің қол астындағы наймандардың күшейгені өз еліне қосылған наймандарға саяси әсерін тигізер деп, Күшлікке қарсы Жебе ноянды жібереді. Оның жорығы сәтті аяқталып, Күшлік Алай тауларының маңындағы Сары Көл деген жерде өлтіріліп, қалған наймандар Алтайға қайтарылады. Алайда, қалған Күшліктің сенімді адамдары Қырғыз еліне сіңіп кетеді.

      Найман еліне, оның ішінде Бағаналы-Балталы қауымына қатысты тарихи тұлғалардың бірі – Кетбұқа. Жаужүректі қолбасшы, Шыңғыс қаһанның сенімді мыңқол13 нояндарының бірі, Жошы қанның тірегі, оның балаларының аталығы болған бабамыз әлі де толық зерттеліп болмаған тарихи тұлға. Бабамыз туралы біз айқындалған, тарихнамада белгілі мәлімет тұстарын осы кітапқа келтіргенді жөн көрдік.

      Бүгінгі күні анықталып отырған деректерге қарасақ Кеті есімді тарихи тұлға ең бірінші рет «Моңғолдың құпия шежіресінде» кездеседі. Темүжін Найман елін бодан қылып, 1206 жылы оларды өз әскер құрамына еңгізгеннен кейін, жасақты жүздік-мыңдық тәртіппен ру-тайпалық сапты бұзбай 95 мыңдық әскерін құрайды. Сол 95 мыңқол нояндардың 51-шісі болып Кеті көрсетілген. «Моңғолдың құпия шежіресіндегі» Кеті біздің Кетбұқа бабамыз екеніне күмән жоқ. Оның дәлелін төменде келтіреміз.

      Кетбұқа шамамен

Скачать книгу


<p>12</p>

МҚШ, 128-бет.

<p>13</p>

Мыңқол, мыңбасы, мыңбегі – ертедегі түрк-моңғол әскерлерінің бір мың жауынгерлік бөлімінің қолбасшысы. Мағынасы түркше – бек, моңғолша – ноян, арабша – әмір лауазымдары беріліп, әскери билікпен бірге уәлаяттар мен үлестердегі әкімшілік билікке тағайындалған. Мыңдық әскер қолын бір немесе одан да көп туыстас рулардың сарбаздары құраған. Әскери тәртіп қатан жазалау тәжірибесімен нығайтылған. Мысалы, Шыңғыс қаһанның «Жасағында» әскерге қатысты айтылған баптары бойынша шайқас кезінде бір адам қашатын болса, оның онын, оны қашқанда – жүзін, ал жүзі қашса түгел мыңқолды жазалау тәртібі орнатылған. Он мыңқол бір түменді, яғни 10000 жауынгерді құраған.