Скачать книгу

мен соғыстарға толы, жұт пен аштық жиі серік болған замандарға қарамастан, текті бабамыздан текті ұрпақ өрбіді. Сол ұрпақ туралы, кеудені керіп тұрып мақтанатын тарихи тұлғаларымыз туралы, еті тірі, өз ісіне берік те адал да болған ағайындар туралы ақпарат пен мәліметтерді, естеліктер мен омірбаяндарын осы бөлімде мүмкіндігінше толық көрсетуге тырыстық.

      Төртінші бөлімде Жылкелді ұрпақтары туралы кітаптарда, мерзімді басылымдарда жазылған естеліктер, мақалалар және құжаттар келтірілді.

      Біздің бүгінгі Бағаналы-Балталы елін, оның ішінде Жылкелді руын өлкетанулық тұрғыда зерттеудегі мақсатымыз Найман елінен бөліп алу емес, қайта әр қазақтың ру-тайпаларының тарихын жазу процесіне өзіміздің кішігірім үлесімізді қосу деп түсінген жөн. Әр тайпа, әр ру қазақтың қырықтан астам ру-тайпаларының шежіресін, одан әрі тарихын жазып шығарса, күллі қазақтың тарихы дерекке байып, пікір-таластың қарама-қайшылықтары бір тұжырымға келіп, мәдени және рухани мұрамыз бай да, үлкен көлемді де болып, болашақ ұрпаққа аманат болары сөзсіз. Кейін сол ру-тайпалардың қаныққанды тарихын, біз өшірілуге сәл қалған тарихымызды қайтадан жандандыруға мол мүмкіндік аламыз. Сонымен, Қазақ елі ұзағынан өз мәдени рухын асқақтатады.

      Күллі ағайын, әсіресе жастар, оқып таныссын деген ниетпен жазылған бұл кітап, Қазақ елі руларының бірі, Бағаналы Найманның баласы, Жылкелді бабамыздың ұрпақтарын біріктіріп, бір-біріне деген бауырмаушылығын артар деген ойдамыз.

      І БӨЛІМ. ЖЫЛКЕЛДІ РУЫНЫҢ ТАРИХЫ

      Бағаналы Орда, басты Орда.

      Байсал Орда қонған жұрт…

      Бұқар жырау.1

      Аллаһ Адамды жаратты, кейін оның қабырғасынан Хауа ананы жаратты. Екеуін Жұмаққа орналастырып, талда өсіп тұрған жемісті «алма» деп атап, сенімсіздердің қатарынан көрінбеу үшін, оған таянуға тиым салды. Бірақ, сайтан келіп алманы алып жеуге азғырды. Сол үшін Адам Алланың ашуына тап болды.2 «Болашақ ұрпақтарың бір-біріне қас болып, Ақырет күніне дейін жер бетіне орналассын» – деп үкім етеді.

      Сол күндерден бастап Аллаһ Адам мен Хауа үшін алты күнде, мамық болсын деп жеті қабатты жерді және ғимарат болсын деп жеті қабатты аспанды жаратты. Адам баласы көбейіп, бірі Аллаға сеніп, бірі сенбей әлі күнге дейін бір-бірімен қырқысып, жауласып келеді. Аллаһ жерге өз сөзін жеткізу үшін 120 мыңнан астам пайғамбар жіберді. Солардың бірі – Нұһ пайғамбардың кезінде, Аллаһ сенімсіздерді топан суға батырып, жерден аластап, Адам баласының тарихындағы жаңа кезеңге жол ашты.

      Ол кезең туралы Әбілғазы баһадүр өзінің «Түрк шежіресінде» былай тарқатады: «…Кемеден жерге түскендердің бәрі ауырып қалады. Нұһ пайғамбар, оның үш ұлы мен үш келіні жазылып, қалғандары өледі. Содан кейін Нұһ үш баласын үш жаққа жібереді. Хам есімді баласын ол Хиндустанға, Самды – Иранға, ал Яфесті – теріскейге қарай аттандырады.»3

      Яфес әкесінің жұртынан жолға

Скачать книгу


<p>1</p>

Бес ғасыр жырлайды. Алматы, 1989, 82-бет.

<p>2</p>

Бұқара сүресі, 33 (35) аят.

<p>3</p>

Абу-л-Гази. Родословная туркмен. АН СССР, М. 1958.