Скачать книгу

(ғұндардың) ұрпақтарына жатқызады. ІІІ-V ғасырлары Ұлы даланы шөл басып, күнділердің конфедерациясы екіге бөлінді. Бірі Қытайға, екіншілері батысқа аттанып, көптеген елдердің Ұлы көшін бастайды.

      VI ғасырда Түрк қаһанаты орнығып жатқан кезде наймандардың бабалары Телес (Теглек) бірлестігінің құрамына енді. VII-Х ғасырлары бабаларымыз Сегіз оғуш (Сегіз байырқу) атты одақ құрып, Найман қандығының мемлекеттілік негізі қалана бастады.

      Сегіз оғыз термині соңғы кезде тарихшылардың арасында кең талқыланып кетті. Қай еңбектерде екенін іздеп тізіп уақытымызды жоғалтпай-ақ, біз «сегіз оғыз» бен «найман» этнонимдері бір елді атайтынын нақты шегелеп қоюымыз қажет. Оның дәлелін Ғ. Айдаровтың «Арқон-Енісей және көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі» атты еңбегінен табамыз. Бұл кітапта көне түрк жазбасы толық сарапталып, тарихи оқиғалардың мағынасын ашатын сөздері қазақ тіліне аударылған. Соның ішінде «Секіз-сегіз», «Оғузғару-оғызға», «Оғушым-менің тайпам», «Оғуш-тайпа» терминдері келтіріледі. Соған қарағанда бүгінгі біз айтып, жазып жүрген Сегіз Оғызымыз «Секіз Оғуш», немесе қарақытайша «Найман» болып шыға келеді.

      Секіз Оғуш тайпалар одағының Түрк қағанатындағы орнын С. Қаржаубай жасаған кестесінен5 көреміз:

      ІХ-ХІІ ғасырлардан сақталған «Қидан деректері» (Ляушы) мен «Алтын патшалығының деректерінде» наймандар «жаңбақ» деп аталады. Найман деп қидандар Алтайдан аққан сегіз өзеннің бойын жайлаған «сегіз оғуш» тайпаларын атап, сол тайпалар туралы жан-жаққа хабарды Найман атымен таратқан. Кейін сол этноним «сегіз оғуштың» өзіне тән болып тарады.

      Бірақ, бұл тұжырым бойынша оғыздардың наймандарға қатысы жоқ деп кесіп айтуға болмайды. Өйткені, ғасырға ғасыр аққан сайын киіз туырлы тайпалар жер алшақтығына қарамастан санада өздерін бір ел болып сезінген. Қазіргі Монғолия мен Қазақ даласы орта ғасырларда бір-бірін ел жұртпен толтырып, құда-жегжаттық жасап, соғыс жылдары кезінде жеңілген жақтың билігі мен аристократиясын қуып жіберіп, елін бодан қылып өз құрамына қосып, тағы басқа алма-кезек жағдайларда тарихи және саяси процесстерде қайнап-пісіп өмірді жалғастырған.

      Оғыздардың Найманға қатысы бар екенін Әлкей Марғұланның еңбектерінен табуға болады. 2011 жылы шыққан «Шығармаларында» Әлкей Хақанұлы Ұлытаудағы жергілікті халықтың айтып берген аңызын былай деп тұжырымдайды: «Домбауыл (Добұн – автор) атақты мерген, ақын және күйші болған. Ұлытаудың батыс жағында оның сарай-қорғаны сақталған (Домбағұл сарайы – автор). Ол Қият руының ел басшысы ретінде халықтың есінде сақталған. Қияттар – күнділердің (ғұндардың) ұрпақтары. Олар Қыпшақ, Қоңырат, Алшын, Арғын және тағы басқасы Алтайдағы қиын жетерлік Ерге-Қон деген жерде тұрақтаған. Кейін олар Орталық Қазақстанды жайлап алды. VI – VII ғасырлары Домбауыл жерленген жерде дың мавзолейі тұрғызылды»6.

      Әлкей

Скачать книгу


<p>5</p>

Қазақ ру-тайпаларының тарихы. «Алаш» ТЗО, 2008. 216-бет.

<p>6</p>

Марғұлан Ә. Шығармалар жинағы. 8-том, 2011.