Скачать книгу

сол бірлікке қайлар (қиялар, қияттар) да кірген және Ұлытау әңірін билеген.

      X ғасырда келесі Ұлы шөл өз еңшесіне енді. Бүгінгі Қазақ даласында VIII ғасырдан бастап алпауытты мемлекет орнықтырған оғыздардың дәулетті ғұмыры өзінің шегіне жетті. Табиғи қолайсыздық күллі тайпаларды өз қоныстарынан қозғап, жан-жаққа бытыратып көшуге мәжбүр етті. Тайпалар конфедерециясының билік басында отырған Қай (Қия) руы оғыздарды үшке бөліп, бірі батыстағы қаңғар-пешенек одағының құрамына, екіншілері бүгінгі Түркменстан мен Иранға, кейін ары қарай Кіші Азияға, үшіншілері Алтай асып, бүгінгі Моңғолияның солтүстігіндегі тоғайларға тығылып, жан сақтайды. ХІІ ғасырда сол қиялар (қияттар) күшейіп, одақ құрып, арасынан тарихи сахнаға Есүкей батырдың Темүжіні шығады.

      Х-ХІ ғасырлар кезінде Алтай таулары күрестің орталығына айналды. Ол күресте Найман, Керей және Жалайыр тайпалары жеңіп, сол мекенде біріккен қаһандық құрды. Л. Гумилев, Рашид ад-Дин, т.б. айтулары бойынша Найман мен Керей елдері 1007 жылы несториандық ағымдағы христиан дінін қабылдады. Наймандардың жайлаулары Орқон өзенінің жоғары жағынан Қара Ертіске дейін созылған.

      Тарихтың сол кезеңінде Найман қаһандығының үстемдігі туралы хабарлар Европа елдеріне дейін жеткенін ортағасырлық жылнамалардан байқауға болады. Сол деректерді сараптай отырып Лев Гумилев өзінің «Қиял патшалығын іздеу» атты кітабында, европалықтардың шығыстағы «Иоанн патшалығына» жоспарланып отырған крест жорықтарында үлкен үміт артықанын жазады.

      Европалық католиктерге келген хабар бойынша шығыста Иоанн патшалығы бар, олар христиан дінін қабылдаған, сондықтан олар шығыстан, ал европалықтар батыстан мұсылмандарға соққы берсе, Иерусәлімдегі «Құдай табытын» мұсылмандардан азат ететін едік деген мәлімеге келеді. Сондағы Иоанн патшалығы – Алтайдағы Инаншы қаһан басқарып отырған Найман қаһандығы екен. Сол жолы наймандар мен католиктердің бірікпеуіне Аллаһ нәсіп етіп, келесі Кетбұқа мен Құлағу ұйымдастырған жорықтарда да екі жақтың одақтасуына сәті түспеді.

      Найман елі туралы тарихи деректер Шыңғыс қаһан құрған мемлекетінің тарихы айласында көп кездеседі. Ең алғашқыларының бірі 1240 жылы жазылған «Моңғол құпия шежіресі» болып табылады. Бұл кітапта біз Найман еліне қатысты құнды мәліметтер кездестіреміз.

      XII ғасырдың екінші жартысында, қазіргі Монғолияны жайлаған көшпенді8 тайпалар бытыраңқы болып, бір-бірімен жер үшін қырқысып жүргенде, Найман қаһандығы Алтай аумағындағы ең беделді, ірі және қуатты мемлекет болды. Қаһандықтың астанасы Балық қаласында орналасқан. Қаһанның ордасында ұйғыр жазуы қолданылып, мемлекеттік істер қағазға түсіріліп отырғаны туралы Қытай деректері мен «Моңғол құпия шежіресі» айтады.

      «Таян қан елінің бір адамы тұра қашады. Қасар оны «тірі ұстап әкел» деген соң, Баты қуып жетіп, тірідей ұстап әкеледі. Байқаса, қойынында мөр (таңба) бар екен. «Сендердің тайпаларыңның бәрі (әскерлеріңнің барлығы) бізге қарағанда, сен мынаны қойныңа тығып

Скачать книгу


<p>8</p>

Көшпенділік – ерте темір дәуірінде б. з. д. VIII – III ғғ. жердің шөлейт аймақтарында (Аридная зона) пайда болған мал шаруашылығына байланысты дамыған адамдардың шашыраңқы тұрмыс-тіршілігінің түрі. Көшпенділер Моңғолия, Қазақстан, Иран, Аравия, Солтүстік Африка және Орталық Американы мекендеген. К. жыл мерзіміне байланысты мекен-жайларды қоныстанған, ру-тайпалық одақтардан құралған. Қазақ жерінде к.-ің үш түрі дамыған: біріншісі-Батыс Қазақстандағы меридианалды және көлденең бағыттағы 500—600 км-ге созылатын көшу маршруттары. Қыста Маңқыстауда қыстап, жазда меридиан бағыты Орал тауларының оңтүстік-шығысына дейін жетіп қайтадан оралса, көлденең бағыты саяси жағдайға байланысты Еділдің оң жағалауын жайлаған; екіншісі – Орталық Қазақстандағы меридиан бағыттағы 800—1000 км-ге дейін созылатын маршрут. Қыстақтары Сырдария, Талас және Шу өзендерінің аралығындағы Қарақұм, Мойынқұм, Бетпақдала шөлейіт, қар мөлшері аз аймақтарында орналасқан. Жазда Сарысу өзенінің бойымен жүре отыра, Ұлытаудан Бұғылыға дейін созылған Сарыарқа жерін жайлап, Батыс Сібірге дейін жеткен; үшіншісі – Жетісудағы 150—200 км-ге созылатын жартылай көшпелі түрі. Оның ерекшелігі – жазда тау басындағы жайлауларға көтеріліп, қыста Балқашқа дейін созылған шөл даласын мекен еткен. Қазақ даласында өмір сүрген көшпенділердің өсірген малдың басым түрі-жылқы мен қой. Көшпенділердің тұрмыс-тіршілігі, әдеп-ғұрпы және материалды құндылықтары мал шаруашығымен тікелей байланысты болды.