Скачать книгу

басқарған Хорезм археологиялық және этнологиялық кешенді экспедициясы зерттеу жұмыстарын 50 жылдан астам уақыт жүргізді. Осы ұзақ мерзімде бұл экспедиция Әмударияның орталық ағысынан, оның төменгі Арал теңізіне құятын жеріне дейінгі және кең атырабында кешенді археологиялық зерттеулер жүргізіліп, палеолит, қола, темір және ортағасырлық тарихи дәуірлердің ескерткіштерін ашып, Әмудария өңірі адамдардың алғашқы өркениетке жеткен Орталық Азияның ажырамас бөлігі екенін дәлелдеді. Археолог- тар Хорезмнің көне тарихын қайта қарайтын жаңалықтарды: Тазабагяб, Амирабад және орта ғасыр мәдениеттерін тапты. Экспедицияның тарихқа әкелген жаңалықтары оның ғылыми еңбектерінде және көптеген монографиялық туындыларда баяндалған [13].

      Әмудария Орталық Азиядағы ең аса ірі суы мол және кемелер жүретін өзен болған. Памир таулы өлкесінен алып, Пяндж (бес) өзендердің қосылуынан құрылып, Әмудария болып, Хорезм жеріндегі Қарақұм мен Қызылқұмды қақ жарып, ертеде Каспий, кейін Арал теңіздеріне құйған. Оның ұзындығы 1415 шақырым, ал басталған жерінен есептегенде 2540 шақырым, алабы 309000 шаршы шақырым. Әмударияның алқаптары таулы және жазықты болып келеді. Антикалық дәуірде ол Сарықамыс пен Ұзбай арқылы Каспий теңізіне құйған, кейін Арал теңізіне ауысқан. Осындай үлкен өзен ежелден адамдардың тұрақты мекеніне айналған.

      Бұл деректерді дәлелдейтін Авеста кітабында мынадай мәлімет бар: «Ахура-Мазда иемденген жерлердің ең біріншісі бұл Даитья (Даийтия) жағасындағы Арианам-Вайджа жері еді. Бұл жерге бірінші адам Иима келген. Сасанидтер дәуірінде Арианам-Вайджа Эранвез аталған. Авестада бұл өлке «Ранха мен Вахви өзендері аралығына жайғасқан тегістік ретінде ұғындырылады» [14]. Хорезм алғашқы адамдардың өрбіген аймағының бірі болғанын дәлелдейтін кейінгі ғасырда жүргізілген археологиялық зерттеулер тас дәуірінің жәдігерлерін тапты. Бұл аймақта тас дәуірінің барлық тарихи сатыларын сәулелендіретін деректер жиналды.

      Енді осы келтірілген пікірге талдама жасап көрейік. Жаратушы Ахура-Мазда алдымен Даития (Әмудария) өзенін жаратқаны ақылға сыятын пікір. Өйткені, тіршіліктің тірегі су екені белгілі. Міне, өмірдің негізі су болғандықтан, алдымен Әмудария сияқты жоғарыда тоқталып өткен, өмірге нәр беретін бұлақты, оның алқаптарына алғашқы Гава (Соғдыны) сияқты табиғи өлкелерді жаратқан. Бұл жерде ақылға сыймайтын ешнәрсе кездеспейді. «Согд (грекше Согдиана) древняя область в бассейне реки Заравшана и Кашкадарья (ныне на территории Узб., ТаджССР):

      Впервые упоминается в Авесте и клинописных надписах древне-персоязыческих царей, начиная с Даря І (522-486 до н.э.); позднее античными и древнекитайскими авторами и, наконец, арабо и персоязычных и другими средневековыми источниками. В VІ-ІV вв. до н.э. входил в Древнеперсидскому (Ахменеидскую державу. По сообщению Геродота, Согд вместе с Парфией, Хорезмом и Арией составлял ХІ ее сатарапин, которая ежегодно вносила в казну 300 талантов серебра. Из старинной надписи Дария І известно о поступлении из Согда драгоценнных

Скачать книгу