Аннотация

Аннотация

Аннотация

Оқу құралы заманауи білім беру талабына сай, оқытудың көрнекті әдісін белсенді қолдана отырып студенттерге дәріс беруге арналған. Оқу құралын дайындаудың басты ұстанымы әрбір тараулар бойынша қысқаша теориялық мазмұнын келтіріп, соңында тесттік тапсырмалар берілген. Оқу құралының көрнектілігіне жинақы кестелер, сызбанұс- қалар, түрлі-түсті суреттер, қысқа-нұсқа, анық-айқын көрсетліген. Оқу құралында студенттердің шығармашылық қабілеттілігін, өз бетінше ізденіс жасай игеруге арналған логикалық есептер берілген. Оқу құралы студенттерге өзіндік жұмыс орындауға, емтиханға дайындалуға және ВОУД-қа дайындалуға айтарлықтай көмегін тигізеді деген ойдамыз.

Аннотация

В данной книге, приуроченной к 85-летнему юбилею известного деятеля науки, доктора химических наук, профессора Георгия Ивановича Ксандопуло, вниманию читателей представлены архивные материалы, статьи, благодарность и пожелания современников и учеников, уникальные фотографии разных лет. Книга предназначена для широкого круга читателей, преподавателей, студентов и магистрантов.

Аннотация

Кітапқа белгілі мәдениеттанушы, философ-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚазҰУ-дың профессоры С. Темірбековтің ғылыми-педагогикалық және мәдени-қоғамдық қызметін, отандық білім мен ғылымға және мәдениеттануға қосқан үлесін сипаттайтын мақалалар, баяндамалар, мұрағат құжаттары мен фотосуреттері еніп отыр. «Көзкөргендер» бөлімінде бірге оқып, қызметтес болған замандастарының естеліктері баяндалады. Кітап көпшілік оқырманға, студенттер мен ғылыми ізденушілер қауымына арналған.

Аннотация

Бұл кітап Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, ҚР ҰҒА Құрметті академигі, белгілі ұстаз, тарих ғылымдарының докторы, профессор У.Х. Шәлекеновтің 90 жылдық мерейтойына орай шығарылып отыр. Кітапта ғалымның әр жылдардағы мақалаларымен қатар мұрағат құжаттары, фотосуреттері, шәкірттерінің ыстық лебізге толы естеліктері топтастырылған. Ұстаздарға, студенттер қауымы мен ғылыми ізденушілерге және көпшілік оқырманға арналған.

Аннотация

Бұл кітап қазақ халқының көрнекті философы, әлемге белгілі фарабитанушы ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Ағын Хайроллаұлы Қасымжановтың өмірі мен ғылыми мұраларына арналған. Кітапқа А. Қасымжановтың ғылыми, ұстаздық қызметін, білім мен ғылымға қосқан үлесін зерделейтін мақалалар, замандастары мен шәкірттерінің естеліктері, мұрағат құжаттары мен фотосуреттер еніп отыр. Кітап көпшілік оқырманға, ұстаздарға, студенттер мен ғылыми ізденушілерге арналған.

Аннотация

В данной книге, приуроченной к 90-летию ветерана Великой Отечественной войны, государственного и общественного деятеля нашей республики Ш.Ж. Жаныбекова, представлены материалы о его биографии, трудовой и общественной деятельности, а также публикации в газетах, воспоминания его бывших соратников, официальные поздравления, приветствия друзей, выступления и уникальные фотоматериалы разных лет. Книга предназначена для широкого круга читателей, преподавателей, студентов и магистрантов.

Аннотация

Бұл кітап белгілі түркітанушы, ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор А.С. Аманжоловтың 80 жылдық мерейтойына арналады. Кітапта ғалымның таңдамалы ғылыми еңбектері мен баяндамалары, сонымен қатар мұрағат құжаттары, фотосуреттер, әріптестері мен шәкірттерінің естеліктері топтастырылған. Ұстаздарға, студенттер қауымы мен ғылыми ізденушілерге және көпшілік оқырманға арналған.