Скачать книгу

қоныстары Қаратау өлкесінен көп табылды: Тагискен, Таутары. ХХІ ғасырдың басында Қаратау аймағынан қола және темір дәуірінің ескерткіштері мол көлемде ашылды. Олар қоныстар мен петроглифтер: Сауысқандық, Кәрібұлақ, Сатайбұлақ, Шалабай, Арыстанды, Арқабұлақ, Қарныжарық, Майдантал, Қызылшың Тасбұлақ, Боралдай, Қойбағар және т.б. жартасқа салынған суреттер, бейнелер [5]. Келтірілген деректер Қаратау да алғашқы адамдардың мекен еткен аймақтарының бірі екенін баяндайтын мағлұматтар. Міне, ертеде дүниеге келген Қаратау мәдениеті үздіксіз дамыған. Мұнда арий өркениетінің іргетасын қалаған жер Қаратау өңірі.

      Бұл пікіріміз Авестада жазылған жолдарда байқалады.

      Оған құрбандыққа әкелді,

      Хаошьянх Парадатта да,

      Харой тауының етегінде (жасаушы)

      Жүз айғыр және мың

      Сиыр және сансыз қой

      Құрбандыққа шалды да [6].

      Келтірілген үзіндіде «Харой тау – Қаратаудың аты. Сол заманда Харой тауы деп те, Хукарья тауы деп те аталған. Харой тауы мен Хукарья тауын жайлағандар Ахура-Мазда дінінде болған. Оны мұнан соң келетін оят ұрандарында байқаймыз. Хара – жерді қоршап жатқан мифтік таулар, Хара – Бэрэзайни аты сөзбе-сөз «Биік Хара», кейіннен иранның солтүстігіндегі Эльсбрусқа және Кавказдағы Эльбрусқа ауысқан (екі ат та Авестадан шыққан). Биік Хара немесе Харайтидан туындаған түсінік, бәлкім Памир-Тиндукше жайында еске алу негізінде жатса керек. Дегенмен бүкіл түрік әлемінде, бұрынғы тұрандықтарға киелі болып саналған Түркістан өлкесін Авеста зерттеушілері ұмытып кетеді. Шындығында Харайти – Харатау болатын. Қараның (Гара) ішінде теріс ағып жатқан өзен суреттелген. Ол Тараз қаласы мен Шымкент қаласы арасындағы таудың ішіндегі Теріс өзені еді. Бұл жерлер Түркістан өлкесі – пантеон. Хукариья – Хара мен Харати тауларының ең биік шыңы» [7].

      Қаратау туралы Х. Көктәндінің пікірін толығымен келтірдік. Өйткені ол бұл мәселеге кешенді мән беріп, оны жан-жақты ойдың елегінен өткеріп, өзінің тұжырымдамасын берген. Біз автордың пікірін ғылыми тұрғыдан қабылдаймыз, себебі Қаратаудың жайласқан кеңістігін дұрыс көрсете білген. Кейінгі жылдарда жүргізілген ғылыми зерттеулер де дәлелдейді. Қасиетті Авеста кітабына енген Қаратау зороастризмнің экономикалық және рухани орталығы болған аймақтың бірі.

      Авестада орын алған қасиетті аймақтың бірі – Атырау. Мәтінде былай берілген:

      Атыраудан Арідби

      Мың салалы тараммен,

      Һәм мыңдайын көлдермен,

      Әр қайсысын олардың

      Қырық күнде оралап

      Үлгереді зорға деп,

      Желғабызға салт мінген [8].

      Келтірілген үзіндіде Атырау – Арідби су және құнарлық құдайының қарамағындағы ғажайып өлке. Ол көпсалалы өзендер мен көлдерден құрылған. Осы су жүйелерін баспа-бас аралағанда, көз ілестірмейтін жүйрік атпен қырық күнде зорға аралап шығасың деген ұғымды білдіреді. Авестаны аударушылар «бұл суреттегі бұрынғы Окса ХІХ ғ. Әмудария атырауына ұқсас екендігін байқаған» [9].

      Атырау, саға

Скачать книгу