Скачать книгу

орналасқаны турасында Авестада жазылған. Бұлардың қандай этностар екенін әл-Бируни былайша жазған: «Народная традиция (записанная аль-Бируни) связывает аршакиды с мифическим хорезмским героем Сиявушем. Родоначальником аршакидской традиции считает Аршака, вождя племени парнов (один из ветвей дахов), обитавших на юго востоке Каспийского моря (на территории современной Туркменской ССР» [10].

      Әл-Бирунидің жазғанына қарағанда, дахтар атты этностың бір тармағы аршакидтер Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс бөлігін, анығырақ айтсақ, осы күнгі Түрікменстан және Өзбекстанның оңтүстігін мекендеген этностар екені айтылған. Бұл жер Әмудария мен Сырдарияның жоғарғы ағысын қамтиды. Олай болса, дахтар ертедегі автохтондық сақтардың, скифтердің бабасы. Олар аталған аймақтарда мекендегендіктен, қабірінің де болуы заңды. Ғұлама бұл жазбасында аршакидтерді ертедегі түріктердің аты аңызға айналған ер жүрек қаһарманы Сиявушпен байланыстырған. Оның қабірі Бұхарада сақталған.

      Бұл тарихи тұлға біздің жерлесіміз екенін ХІ ғасырдың басында өмір сүрген ғұлама ғалым М. Қашқари толығырақ мағлұмат жазып қалдырған: «Қаз – Афрасиаб қызының аты. «Казвын» қаласын сол жасатқан. Бұл сөздің әуелгі мәні: «Қыз ойыны» болады. Өйткені, қыз сол жерде тұратын, сол жерде ойнайтын. Сондықтан да кейбір түріктер аталмыш шаһарды түрік елі шекараларының бірі деп санайды. «Тоңа Алып ер-Тоң алып ер» сол Афрасиабтың өзі. Африасиаб «тамхұрестен» үш жүз жылдан соң «Мерв-Мерв» қаласын салдырған. Кейбіреулер бүкіл Мавереннахрды түрік елі деп есептеген. Ол: «Ленкенд: Иенкенд – Иенкенттен» басталады. Оның тағы бір атауы «Дізруиін – Мыс қала (Бақыр қала)». Сарылығына, беріктігіне қарай осылай (Бақыр қала) деп кеткен. Ол «Бихача: Бұхара – Бұхараға» жақын. Бұл жерде Афасиабтың қызы Қаздың ері «Сиявуш – Сиабұш» өлтірілген. Отқа табынушылар – мәжусшілер жыл сайын бір күн осы жерге келіп, «Сиявуш» өлген жайда жылап-сықтайды, жоқтасады. Құрбандық шалады. Құрбан малдың қанын мазарының төбесіне (қабірдің басына А.Е.) төгеді. Бұл олардың әдеті, дәстүрі» [11].

      Біз айрықша тоқталған М. Қашқаридің жазбасында ежелгі түріктердің қаһарманы атанған Сиявуш туралы толығырақ мағлұмат берген. Антикалық заманда аты аңызға айналған түріктердің патшасы Афрасиабтың күйеу баласы, оның қызы Қаздың жары болғанын байқадық. Сиявуш өз заманында еліне ерлік көрсеткен батыр болып, халқының ұлы сеніміне бөленгенін, кейінгі ұрпақтардың ғасырлар бойы естерінен шығармай, оның өлген күнін қазіргі Бұхара (көне Бұхара – мыс қаласындағы) қабірінің басына барып дұға ететіні айтылған. Жоғарыда келтірілген әл-Бирунидің пікірін М. Қашқари осы жазғанымен қуаттайды. Соған қарағанда дахтар этносы түріктердің алғашқы антикалық дәуірдегі бабалары болып, олар Каспий теңізінің ощүстік-шығысынан Әмудария мен Сырдарияның алқаптарын түгел иеленген автахтонды этностар екенін байқаймыз. Авестада жағылған отқа табынушылар – мәжусшілер. Яғни, арийлер олардың әлемге әйгілі патшасы Афрасиаб баба болуы

Скачать книгу