Скачать книгу

Билеуші топ оларды ұлтшылдыққа ұрынған бұзақылар деп айыптап, қанға бөктірді. 1986 жылы 18 желтоқсанда Қазақ КСР прокурорының орынбасары А.Д. Мызников бастаған тергеушілер тобы желтоқсан оқиғасына қатысушылардың үстінен қылмыстық іс ашуға қаулы шығарды.

      Әсіресе 1987 ж. 5 қаңтарда Қазақ КСР прокуратурасының қазақтың қайсар ұлы Қайрат Рысқұлбеков үстінен қозғаған қылмыстық ісі тергеу тобы жүргізген істердің ішіндегі ең жан-түршігерлік іс еді. Қ. Рысқұлбековке: «Алаңда халық жасақшысы С.А. Савицкийді ұрып өлтірді», – деп жалған айып тағылды. Ол Савицкийді өлтірмегенін дәлелдеп баққанмен, жетекке алған қызыл жағалы жендеттер оның жауабына сенбей, ақыры кісі өлтіруші қылмыскер етіп шығарды.

      Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы (1966-1986 ж.)

      1966 ж. 13 наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында туды. 1973-1983 жылдары орта мектепте оқыды. 1984-1986 жылдары әскери міндетін абыроймен өтеді. 1986 жылдары Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына оқуға түсті. Қазақ КСР-ы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Е. Грабарниктің 1987 ж. 16 маусымдағы үкімімен Рысқұлбеков ең ауыр жаза өлім жазасы атуға бұйырылды. Зиялы қауым өкілдері КОКП Бас хатшысы М.С. Горбачев пен КСРО Жоғарғы кеңесі президумының төрағасы Громыконың атына Рысқұлбековтің жазасын жеңілдету туралы өтініштерін жолдады. Кейіннен Рысқұлбековтің ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ Рысқұлбеков Семей түрмесіне жеткізіліп, 1988 ж. 21 мамырда құпия жағдайда қастандықтан көз жұмды. Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы соты пленумының 1992 ж. 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

      Желтоқсан оқиғасының қайғылы беттерінің бірі – Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев, Л. Асанова, С. Мұхамеджанова қазақтың өрімдей жас демократ жігіттері мен қыздарының қаза болуы.

      Сыпатаев Ербол Мұқажанұлы (1964-1986 ж.)

      1964 ж. 10 наурызда Алматы облысы Жаркент ауданының Еңбекші ауылында туған. Желтоқсан оқиғасының (1986) құрбаны. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1981-1982 жылдары ауылдағы кеңшарда жүргізуші болып істеді. 1982-1984 жылдары Кеңес әскері қатарында болды. 1985 ж. Алматыдағы энергетика институтына оқуға түсті. 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. 18 желтоқсан күні ауыр жараланып, ауруханада қайтыс болды. Мәйітін ауылына ІІМ мен МҚК-нің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Қазақстан тәуелсіздік алған соң ғана Е. Сыпатаев жөніндегі шындық айтыла бастады. Ол туралы баспасөз беттерінде, Желтоқсан көтерілісіне байланысты жарық көрген жинақтар мен кітаптарда жазылды.

      Aсaновa Ләззaт Aлтынaйқызы (1970-1986 ж.)

      1970 ж. 27 шілдеде Алматы облысы Жаркент ауданы Ақжазық ауылында туды. Желтоқсан оқиғасының (1986) құрбаны. 1985 ж. Алматыда П. Чайковский атындагы музыкалық училищеге оқуга түскен. Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда

Скачать книгу