Скачать книгу

12 %-ға кейін қалды. Сондай-ақ республикада үй құрылысы, мектеп, балалар бақшасы және басқа да мәдени-әлеуметтік құрылыстар салуда да ілгерілеу болған жоқ. Экологиялық жағдай төтенше түрде күйзеліске түсті. Табиғи ресурстарды пайдаланудағы ведомстволық мүдде қоршаған ортаны қорғау шараларының жүзеге асуына кедергі жасады. Соның нәтижесінде көптеген территория, су мен ауа бассейндері ластанды. Қазақстанның бірқатар аймақтары экологиялық зардап шегуші аудандарға айналды. Табиғи ортаны қорғау жұмысының жеткіліксіздігінен көптеген қалаларда ауаның ластануы өте жоғары деңгейге жетті. Әсіресе Қызылорда, Ақтөбе, Семей облыстарында экологиялық өте ауыр жағдай қалыптасты. Арал аймағында көптеген аурулар тарап, балалар өлімі өсті.

      Аралдағы экологиялық ахуал

      Міне, осымен байланысты 1986 ж. ақпанда болып өткен Қазақстан Компартиясы XVI съезінде жасаған баяндамасында ол кезде республика Министрлер кеңесінің төрағасы болып істеген Н.Ә. Назарбаев және съезде шығып сөйлеген басқа да делегаттар мұндай келеңсіз жағдайларды өткір сынға алды.

      Олар көптеген күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің уақытылы шешпейтінін, олардың қызметі ауқымынан тыс қалатынын, мәселелерді шешуге ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді.

      Қоғамды демократияландыру деп аталған екінші кезеңде (1987 жылдың жазы-1989 жылдың мамыры) бастау алған 1987 ж. жаздағы маусым пленумы басқаруды түбегейлі қайта құру мәселесін көтерді. Бірақ форумның шешімдері де жартыкештік сипат алды. Олай дейтін себебіміз дағдарыстың өрістеуінің тамыры тереңде, яғни өндірістік қатынаста екендігі туралы тұжырым жасалмады. Дегенмен қоғамдық сана қозғалысқа түсіп, халықтың әл-ауқатын жақсартудың бірден-бір жолы нарық пен жекеменшік болып табылатындығы айғақталды. Алайда ел басшылары бұрынғысынша дәйексіздік, сылбырлық, орынсыз қырағылық танытты. Мұның белгісі ретінде «Мемлекеттік мекемелер туралы» заңды айтуға болады. Заңда шаруашылықтың арендалық, мердігерлік жүйесін дамыту көзделді және оны іске асыру шұғыл түрде қолға алынды. Аталған шара қоғамның едәуір дәрежеде алға басуына ықпал еткенімен, мәселелер шешімін таппады. Заң экономиканың жартылай дамуына ғана мүмкіндік берді. Заң мемлекеттік жоспар және нарық қатынасы сияқты екі сыйымсыз дүниені қабыстыруға әрекет жасады.

      Тағы бір өте маңызды, бірақ тұтас алғанда, орындалмай қалған бағдарлама тұрғын үй бағдарламасы болды. Сол кезеңде КСРО-да алғашқылардың бірі болып Қазақстан «Тұрғын үй-91» бағдарламасын жасады, бұл Колбиннің қалт-құлт еткен тұрақсыз жағдайын нығайтуға деген ұмтылысынан туған еді. Шындығында, бұл идея назар аударуға лайық іс болды және бағдарлама орындалды да, бірақ барлық жерде қосып жазу арқасында ғана «жүзеге асты», оның үстіне құрылыс ресурстарының шектеулі болу жағдайында сапаның едәуір төмендетілуі нәтижесінде орын алды. Бірақ Қазақстандағы бүкіл тұрғын үй мәселесін өте

Скачать книгу