Скачать книгу

Орталық комитеті көптеген мәселелерді, әсіресе ұлт, кадр мәселелерін ескіше шешпекші болды. Мысалы, Д.А. Қонаев жолдас өз сұхбатында былай деп көрсетеді: «Мен қызметтен кетерде Горбачевтен: «Үлкен республика, көп ұлтты ел, экономикалық потенциалы мол, кадр да жетерлік. Кімді ұсынғалы отырсыз?» – деп сұрадым. Ол ойланбастан: «Ол мәселені шешуді бізге қалдыр», – деп жауап берді дейді5. Бұл жауаптан Мәскеу арқылы орталықтан басқарылатын өктемшіл өкіметтің әлі де ұлт саясатын шешуде зорлықшыл әрекет танытатындығы анық аңғарылады.

      Қайта құру саясаты басталған тұста Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаевты орнынан алған кезде айрықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде 22 жыл Қазақстан Компартиясын басқарған Д.А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г.В. Колбин сайланды.

      1960-1962 және 1964-1986 жылдары Қазақстанды басқарды. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. 1960 жылдың басында Н.С. Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып алды. 1986 ж.

      Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (12.01.1912 – 25.08.1993 ж.)

      Д. Қонаев Қазақстан басшылығы қызметінен босатылды. Орталықтың әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты. Д. Қонаев республиканы басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өрісі биік жан екенін көрсетті.

      Мұндай шұғыл шешім радио арқылы 16 желтоқсанда, сағат 15.00-де хабарланды. Сол күннің кешінде қалалық Ішкі істер басқармасы мен республика Мемлекет қауіпсіздігі комитетіне (МҚК) жергілікті халық өкілдері арасындағы пленум шешіміне көңіл толмаушылық туралы хабарлар түсті. Қаладағы жағдай мазасыз деп бағаланды. Әсіресе студент және жұмысшы жатақханаларында қызу талқылау жүріп жатты. Алайда сол кездің үрдісі бойынша, жоғарыдағылардың ұсынысын төмендегілердің қабылдамауы мүмкін емес-ті. Көп жылдар бойы қордаланып қалған келеңсіздіктер қоғамдық-әлеуметтік және мәдени салаларды қамтыған өрескел кемшіліктер, ұлт мәселелерінің қатты шиеленісуі республика жастарының ызасын келтіріп, оларды күрес жолына түсуге еріксіз алып келді. 1986-1989 жылдары Колбин Д.А. Қонаевтың орнына келді. Колбин жергілікті халықтың саяси белсенділігін төмендету үшін жазалау шараларын күшейтті (қылмыстық жауапкершілікке тарту, жұмыстан, оқудан шығару, тағы басқалар).

      Г. Колбиннің тағайындалуы

Скачать книгу


<p>5</p>

Аяған Б.Г Қайта құруға қадам // Лениншіл жас. – 1990. – 6 қазан.