Скачать книгу

Алғаш рет Үнді және Ганга алқаптарын қосқан солтүстікүнділік бірыңғай мемлекетін құрады. Біздің заманымызға дейінгі IV ғасырдың аяғында Чандрагупта Камбоджа, Гандхара және Шығыс Ираннның аралас өңірлерін басып алған еді.

      Үндістан билеушілері сыртқы саясатта өте белсенді болған. Келіссөздер мен қарым-қатынастар тек ежелгі үнді мемлекеттерінің ішіндегі патшалықпен ғана шектелмей, Үндістаннан алыс жатқан елдермен де қатынастарын жандандыра білген.

      Ежелгі үндінің қуатты елі Маурьяның негізін қалаушы Чандрагупта атақты А.Македонскийдің ізін басушы – Селевкімен өзіне тиімді келісімге келген болатын. Селевк Чандрагупта үнді елінің билеушісі екенін ғана мойындап қоймай, кезінде Македонский басып алған аймақтың қайта қайтуын мақұлдайды, сонымен қоса 500 әскери пілге Иранның оңтүстік-шығысындағы бірқатар аудандарды айырбастауға келіскен.

      Кейіннен Чандрагупта мен Селевк бірнеше рет елшілермен алмасады. Одақтастықты нығайту мақсатында екі әулет некелескен: Чандрагупта Селевкінің қызына үйленеді. Селевкінің Үндістанға жіберген елшілерінің бірі грек Мегасфен болатын. Ежелгіүнділік мемлекеттің астанасы болған Паталипутру қаласы жөнінде жан-жақты жазылған жазба қалдырған. Мегасфеннің жазбасынан кей үзінді біздің кезеңге гректік географ Страбон еңбектерімен жеткен. Ежелгі Үнді елінің арман-мақсаттарын «Ригвед» жазбаларынан да көруге болады. Өлең түрінде жазылған «Ригвед» мәтінінде ежелгі Үнді елінде Сурья әлемге әйгілі болуына құдайдың назарын аударуды өтінеді. Жарқыраған шұғыласы әлем кеңістігін жарқырата түссе деген армандарын көрсетеді. Қараңғылық пен зұлматтан шығуға бізге шапағатын тигізді деген сенімдерін білдіреді. Сондай-ақ, Ежелгі Шығыс дипломатиясы мен халықаралық құқық үлгісі деп ежелгі үндінің Ману заңын атауға болады. Ману заңының түпнұсқасының мәтіні бүгінгі күнге жеткен жоқ. Оның соңғы сақталған (өлең күйіндегі) мәтіні жобамен біздің заманымыздың І ғасырына жатады. Осы нұсқадағы Ману заңы XVIII ғасырда ғана ашылды. Ол үндінің ежелгі әдеби тілінде (классикалық санскритте) жазылған. Соңғы 100-150 жыл көлемінде Ману заңы бірқатар еуропалық тілдерге, оның ішінде орыс тіліне де аударылған. Үндістандағы айтылуына сәйкес Ману заңы діни бағытта болған, арийлықтардың көсемі болған Ману дәуіріне жатады.

      Ману заңы – өзінің сипатына сай ежелгі үнді қаулыларына, яғни саясатқа, халықаралық құқыққа, саудаға және әскери іске қатысты жинақ. Бұл жинақ біздің заманымызға дейінгі мыңжылдық бойында қалыптасқан. Соның нәтижесінде біз оны Ежелгі Үндістан заңының жинағы дейміз.

      Ману заңы мазмұны жағына өте кең және көптеген саланы қамтыған. Ол өзінің философиялық ой түйінімен де бай. Басты назар діни жағына және салт-санаға бөлінген. Үнді философиясының негізінде жетілген саналы адам жөніндегі ұғым алынған.

      Осы бағытта дипломатия саласы да талқыланған. Оның басты түйіні елшілік қызметтегі тұлғаның жеке басының қасиеттеріне бағытталған. Өйткені дипломатиялық

Скачать книгу