ТОП просматриваемых книг сайта:
Дипломатия тарихы. Амангелді Әліпбаев
Читать онлайн.Название Дипломатия тарихы
Год выпуска 2013
isbn 978-601-247-906-5
Автор произведения Амангелді Әліпбаев
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
Телль-Амарна мұрағаты сол кездегі египеттік ел билеушілерінің басқа елдердің патшаларымен өзара жазысқан жазбалары бейнеленген 360-қа жуық қыш тақтайшалардан тұрады. ТелльАмарна жазбаларының басым бөлігін египеттік перғауындарға жазған сириялық және палестиналық князьдердің хаттары құрайды. Олар Египетке тәуелді болған еді және ежелгі шығыс әлеміндегі екі қуатты мемлекет – хеттер мемлекеті мен Египет арасында орналасқан. Египет перғауындары аймақтағы өз ықпалын нығайту мақсатында кішігірім мемлекеттердің бірбірімен араздасуына да себепкер болып отырған.
Жалпы, Телль-Амарна жазбаларынан сол кезеңдегі мемлекетаралық қатынастар туралы көптеген мәліметтер алуға болады. Бұл дипломатиялық құжаттарда некелесу жөніндегі келісім, әскер жағынан көмек алу, алтын, сый-сыяпат жасау мәселесі кездеседі. Сонымен қоса хатта екі князьдіктің өтініші, арызы, бір-бірін қаралауы да айқын көрініс тапқан.
Хетт патшалығының да Азиядағы ықпалы өте күшті болған.
Олар да египеттіктермен қатар сириялық және палестиналық өңірге ұмтылды. Біздің заманымызға дейінгі 1380-1346 жылдар аралығында, яғни Суббилулиум патшасының дәуірінде қуатты елге айналған Хетт мемлекеті синайлық кендер, ливандық ормандар мен сауда жолдары үшін Египетпен бәсекелестікке түсе бастады. Бұл осы аймақтағы Египеттің ықпалын шектеумен парапар еді. Египет өзіне одақтас ел іздейді. Египет Месопотамия елдерімен байланысты нығайту үшін – Митанни және Вавилон елімен жақындасады, бұл екі ел хеттік патшалықтың қас жауы еді.
Телль-Амарна мұрағатында осы қарым-қатынастарға қатысты хат-алмасулар да сақталынған. Египеттік перғауындар мен митаниялық және вавилондық билеушілер арасындағы хаттар сақталынған. Біздің заманымызға дейінгі ХV-ХІV ғасырларда ІІІ Аменофис пен IV Аменофиске арналған хаттардың мазмұны әрқилы болғанымен, негізгі түп-тамыры патшалар арасындағы қарым-қатынастар туралы еді. Сондай хаттадың бірінде ІІІ Аменофис вавилондық ханшайымды өз жұбайларының қатарында көргісі келетіндігін және осы жөнінде «бауыры», вавилондық патша Кадашман-Харбені хабардар ететіндігін білдіреді. Вавилондық патша бұл өтінішті қанағаттандыруға асықпайды, өйткені