ТОП просматриваемых книг сайта:
Дипломатия тарихы. Амангелді Әліпбаев
Читать онлайн.Название Дипломатия тарихы
Год выпуска 2013
isbn 978-601-247-906-5
Автор произведения Амангелді Әліпбаев
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
«Дипломатия тарихы» дәрістер жинағының негізгі мақсаттары:
– болашақ халықаралық қатынастар саласындағы мамандарды мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретіндегі дипломатиялық қызмет туралы мәліметтермен таныстыру;
– халықаралық қатынастар саласындағы дипломатиялық және консулдық қызметтің қалыптасуы мен даму эволюциясын қарастыру;
– ежелгі әртүрлі елдердегі дипломатиялық қызметтердің қалыптасу ерекшеліктерін сараптау;
– халықаралық қатынастар мамандарын даярлау ерекшелігін, олар үшін қазіргі уақыттағы дипломатиялық және консулдық қызметін меңгеруге көмектесу;
– дипломатия тарихын сараптай білуге үйрету.
«Дипломатия тарихы» дәрістер жинағының негізгі міндеттері:
– дипломатия тарихы бойынша студенттердің білімдерін кеңейту және жүйелеу;
– дипломатиялық және консулдық қызметтің өзара әрекеттестігінің негізгі қағидаларын айқындау;
– дипломатия тарихын жете түсіндіріп, жеткізу әдістемесін меңгеру.
Дәрістер жинағын дайындау барысында дипломатияның даму тарихының мәселелерін айқындауда көптеген тарихи зерттеулер мен дипломатиялық құжаттарға, дипломатия саласындағы ғылыми әдебиеттерге сүйендік.
1-дәріс
«ДИПЛОМАТИЯ» ЖӘНЕ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Жоспары:
– Дипломатия пәні мен «Дипломатия» терминінің шығуы.
– Дипломатия және дипломаттар.
– Дипломатиялық құжаттама.
– Халықаралық қатынастар, сыртқы саясат, әлемдік саясат.
– Дитоматиялық қызметтің түрлері.
– Дипломатиялық тіл.
Әлемдегі әрбір мемлекеттің өмірінде халықаралық қатынастар ежелден өте маңызды орынға ие болып келеді. Яғни халықаралық қатынастар – халықтар, мемлекеттер және бірлестіктер арасындағы саяси, экономикалық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми-техникалық және т.б. байланыстар мен өзара қарым-қатынастар жиынтығы. Өйткені ұлттардың шығуы, мемлекетаралық шекаралардың құрылуы, саяси тәртіптердің қалыптасуы мен өзгеруі, әртүрлі әлеуметтік құрылымдардың орнығуы, мәдениеттің артуы, ғылымның, өнердің, техникалық үрдістің, тиімді экономиканың дамуы – сауда, қаржы, мәдени және басқа да байланыстармен, мемлекетаралық одақтармен, дипломатиялық түйісулермен және басқа да алмасулармен, қорыта айтқанда, халықаралық қатынастармен тікелей байланысты болды.
Күнделікті мемлекеттік қызметтің ерекше бір түрі ретінде дипломатия ХІV-ХVII ғасырдың тоғысында кең етек алғаны белгілі. Сол кезден бастап мемлекет билеушілерінің сарайларында тұрақты дипломатиялық өкілдіктер пайда болып, мемлекеттік мекеме жүйесінде – мемлекеттер арасындағы хат алмасумен айналысатын, шетелдік өкілдер мен елшілерді қабылдайтын, келіссөздер жүргізетін және басқадай да мемлекетаралық істерді орындайтын арнайы қызмет қалыптасты. Оны – дипломатиялық қызмет деп атаймыз.
«Дипломатия» сөзі гректің diploma – қосарланған тақтайшалар деген сөзінен шыққан. Diploma – жазу түсірілген қосарланған тақтайшалар Ежелгі Грек елінде елшілердің ерекше өкілеттігін айғақтайтын сенім грамотасы ретінде берілген. Ағылшын дипломаты Г. Никольсон өз еңбектерінде дипломатия сөзі: «Әңгімелесу тілінде «дипломатия» сөзі мүлдем бөлек төрт мағынаны береді. Кейбір кезде ол сыртқы саясаттың синонимы ретінде қолданылады… Басқа бір жағдайда келіссөздерді білдіреді. Сонымен бірге ол сыртқы істер ведомствосының шетелдік бөлімін белгілеу үшін қолданылады… Ең соңында, бұл сорлы сөз халықаралық келіссөздерді жүргізу кезінде жақсы мағынадағы ептілікті, жағымсыз мағынада – зымияндылықты білдіретін ерекше қабілеттілік», – деп көрсеткен.
Дипломатия сөзінің анықтамасын «Дипломатия сөздігінде» де кең көлемде аша түседі. Дипломатия – жалпы қабылданған анықтама бойынша:
– мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асыратын құрал ретінде – бейбіт шаралардың жиынтығын, нақтылы бір мәселелерді шешуге арналған қабылдаулар мен әдістерді білдіреді;
– шетелдегі мемлекет және үкімет басшыларының, Сыртқы істер министрлігінің, сыртқы істер мекемелерінің, дипломатиялық өкілдіктердің ресми қызметі;
– мемлекеттің сыртқы саяси мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырушы өкілдерінің халықаралық мәжілістердегі қызметі, сонымен бірге мемлекеттің шетелдегі мекемелері мен азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналған қызметі.
«Дипломатия» ұғымын халықаралық қақтығыстардың алдын алу немесе реттеу, өзара тиімді шешімдер мен мәмілеге келу, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты кеңейте және тереңдете түсу мақсатында келіссөздер жүргізу шеберлігімен де байланыстырады. Яғни «дипломатия» ұғымы мемлекет басшыларының, мемлекеттік биліктің жоғарғы мекемелерінің, сондай-ақ сыртқы