Скачать книгу

қатынастарды жүйелеу мақсатында мемлекеттер 1961 жылы 18 сәуір күні Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына қол қояды. Әлемнің барлық мемлекеттері, оның ішінде конвенцияға әзірше қосылмаған елдер де, конвенция көлеміндегі ережелерді сақтайды, дипломатиялық протокол қызметтері өз қызметінде осы ережерлерді ескереді. Бірқатар елдер Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы ережесінің негізінде қосымша өз заңнамаларын қабылдауды дұрыс көрген. Сол ретте Қазақстан Республикасы да тәуелсіз мемлекет ретінде 1997 жылы 12 қарашада «Дипломатиялық қызмет туралы заңын» қабылдайды. Бұл заң мемлекеттік қызметтің бір бөлігі ретіндегі Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

      Осы заңның негізінде Қазақстан Республикасының «Дипломатиялық қызмет туралы заңына» толықтырулар енгізіліп, 2002 жылы 7 наурызда жаңа мәтіні қабылданады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі осы заңның негізінде жүзеге асырылуда.

      Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

      1. «Дипломатия» деген ұғымды қалай түсінесіз?

      2. Дипломатиялық тіл ұғымын қалай түсінесіз?

      3. Мемлекетаралық қатынастарды жүйелеу мақсатында мемлекеттер қандай халықаралық деңгейдегі құжаттарды бекітті?

      4. Қазақстан Республикасының «Дипломатиялық қызмет туралы заңы» дипломатиялық қызметтің міндеті мен функциясын қалай айқындаған?

      5. Дипломатиялық арнайы терминдер мен сөз орамдарына түсініктеме беріңіз?

      2-дәріс

      ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

      Жоспары:

      – Ежелгі Үндістан тарихы мен дипломатиясы.

      – Ежелгішығыстық дипломатияның ескерткіштері және халықаралық құқық.

      – «Ману заңы» бойынша елшілерді тазайътдау.

      – Чандрагуптаның сыртқы саясаты.

      – Мегасфеннің Үндістандағы миссиясы және оның маңызы.

      Ежелгішығыстық дипломатия тәжірибесінде үнді тарихы да елеулі орындарға ие деп айтуға болады. Жалпы Үндістан тарихын шартты түрде:

      Үнді (Харапптық) өркениетінің кезеңі (ІІІ мыңжылдық – XVII ғ. б.з.д.);

      Ведий кезеңі (ХІІІ – VI ғасырлар б.з.д.);

      Буддийстік кезең (V – ІІІ ғасырлар б.з.д.);

      Классикалық дәуір (ІІ ғасыр б.з.д. – VI ғасыр);

      Ортағасырлардағы Үндістан тарихы, Үндістанның қазіргі кезеңдегі тарихы деп бірнеше кезеңге бөлуге болады.

      Алғашқы үнділік өркениетті біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырларда дравидтер құрып, Үнді немесе Харапптық деген атауға ие болған еді. Үнділік дравиттерде жекеменшіктік қатынастардың негізі қаланып, ауыл шаруашылығы, қолөнермен қоса сыртқы сауда да қалыптаса бастайды. Харапптық өркениетте Месопотамиямен, Орта Азиямен байланыстар орнатылып, тікелей сауда қатынастары Шумер мен Арабияға дейін жеткен.

      Дегенмен, біздің заманымызға

Скачать книгу