ТОП просматриваемых книг сайта:
Сана болмысы. Ғарифолла Есім
Читать онлайн.Название Сана болмысы
Год выпуска 2011
isbn 9965-29-699-5
Автор произведения Ғарифолла Есім
Жанр Философия
Издательство КазНУ
Бұл да – капитализмнiң алғашқы қадамдарында болатын құбылыс. Ендi ес жинаған кезде ойланатын мезгiл жеттi. Қоғамға жаңа мазмұндағы идеологиялық ұстаным қажет. Бұл – бiр кеңiнен ойланатын мәселе. Әрине, бұл тұста қоғам өмiрiндегi партиялар жүйесiнiң қызметiне жүк артуға да болар едi, қазiргi «Нұр-Отан» партиясының аяқ алысы тым тәуiр. Алайда есте болатын жай, партиялар – билiкке қатысты өз қызметiн күшейтетiн феномен. Ал қоғамда бiртектi, үздiксiз, жүйелi түрде билiк үшiн емес, мәдени, өркениеттiк негiздерде жүргiзiлетiн идеология қажет. Осы тұста бұл қызметтi «Мәдени мұра» бағдарламасы атқаруда, бiрақ оның жалпы Қазақстан халқына түгел дерлiк жететiн технологиясы қалыптаспай отыр, ол iс мемлекеттiк тұрғыдағы идеологиялық жүйенi қажет етпек. Бүгiнде қоғамдағы нарықтық қатынастар туғызып отырған психология, мiнез мемлекеттiк мүддеге сай сана қалыптастыруда қандай рөл атқаруда? Бұл – басты мәселе. Нарықтық қатынастардан әдiлеттiлiк мәнiндегi сана қалыптасады деу – утопия. Демек, егемендi елдiң қоғамдық жаңа тұрпатты санасын қалыптастыру iсi мемлекеттiк шешiмдi және арнайы қаржыны талап етедi. Өркениеттi негiзде идеологиялық кадрлар дайындау iсi қажеттiлiк. Осы iсте Елбасының кадрлар даярлау Академиясы тыңдаушылары алдында сөйлеген сөзi және тың ұсыныстары осы мәселеге өрiс ашпақ демекпiн.
Қазақтың этностық тарихын қарастырып отырсақ, халқымыз ешқашан идеологиясыз өмiр сүрмеген. Мемлекеттiк деңгейде идеология үнемi болған, соның ең айғақты мысалы – Асан қайғының «Жерұйық» iлiмi. Бұл елдi топтастыру идеологиясы болатын. Бiз мықты социализмдi басымыздан кешiрген халықпыз. Социализм идеологиясы қуатты болды. СССР-дiң социалистiк ел бола тұра әлемдiк саясатта шешушi орны болды. Ешбiр дүниежүзiлiк iс СССР-дiң назарынан тыс болған жоқ, бiрақ социализм тек жалаң