ТОП просматриваемых книг сайта:
Сана болмысы. Ғарифолла Есім
Читать онлайн.Название Сана болмысы
Год выпуска 2011
isbn 9965-29-699-5
Автор произведения Ғарифолла Есім
Жанр Философия
Издательство КазНУ
Үшiншiден, пирамида – билiктiң символы. Қандай символ болмасын, ол билiкке қатысты. Билiк өз биiктiгiн символдар арқылы белгiлейдi. Биiктiкке құштарлық – билiктiң мақсатқа бағытталған арманы. Мысалы, әлемге өзiнiң аса қуатты мемлекет екенiн жария ету мақсатында АҚШ зәулiм («Статуя свободы») «Еркiндiк монументiн» орнатты. Оның биiктiгi – 93 м. Бұл монумент Нью-Йорк және Америка Құрама Штаттарының символы деп аталынады. Мақсатына сай тарихи аз мерзiм iшiнде «америкалық арман» АҚШ-ты әлемдегi ең қуатты мемлекет дәрежесiне жеткiздi. Биiктiктi аңсау арман қуатынан туындайды, осы сөзiме тағы бiр айғақты дәлел, Оңтүстiк-Шығыс Азиядағы күнi кеше ғана ағылшындар отаршылдығынан азат болған малай халқы, әлемдi таңдандырған жетiстiкке жеттi, олар бәсекеге қабiлеттi елдердiң iшiнде 20-орында. Осы «малай халқының тарихи жеңiске жетуiнiң сыры неде?» – деген сұраққа сол елде бiзбен бiрге болған Ресей экономистерi жауап таба алмады. Мен де ойландым, кешегi өзiмiздей, тiптен бiзден де ахуалы төмен малай халқының бүгiнгi тұрмысы шынында да таңқаларлық. Осы құпияның сырын атақты Петронас Егiз-мұнарасына және 420 метрлiк телемұнараға шығып, жан-жақты тамашалағанда түсiнгендей болдым. Бұл халық арманшыл екен, биiктiкке құмар екен, оны символдарға айналдыра бiледi екен. Мысалы, алғашқыда Петронас Егiз-мұнарасының биiктiгi 378,4 м болған. Бұл Чикагодағы Сиз Тауэр зәулiмi биiктiгiнен кем болғандықтан, биiктiкке құмар малайлықтар осы екi мұнараның үстiне 73,5 м болаттан шпильдер орнатқан, сөйтiп, Петронас Егiз-мұнаралардың жалпы биiктiгi 1994 жылы 451,9 м болып, рекордтық көрсеткiшке жеттi. Ол халықтың психологиясына, санасына, дүниетанымына, көзқарасына үмiт берiп, үмiт идеяға, ол шындыққа айналған екен. Идеяны шындыққа айналдыру үшiн, әрине, алдымен, идеяның өзi шындыққа бастайтын ой арнасы