Скачать книгу

деген – көне түсiнiк. Пирамида дегенде ойымызға бiрден көне Египетте салынған Хеопс, т. б. түседi. Бұл пирамидаларда заманында фараондар жерленгендiктен халық түсiнiгiнде оларды зират деп түсiну бар, бұл шындық, бiрақ пирамида табиғаты туралы толық түсiнiк емес. Пирамида тақырыбы арнайы зерттеулердi қажет етедi. Оның тылсымдық қуаты туралы да алыпқашты эзотерикалық мәндегi сөздер көп. Сондықтан кей ағайын Ақ орданың қасында ол неге тұрмақ деген ренiшiн де бiлдiруде. Осы ретте айта кететiн жай, Париждiң архитектуралық кереметi аталып келе жатқан Эйфель мұнарасы туралы кезiнде 1887 жылы 300 француз жазушылары мен художниктерi қол қойып қала муниципалитетiне наразылық бiлдiрген (оның iшiнде Александр Дюманың ұлы Ги де Мопассан және композитор Шарль Гуно т. б. болған), онда олар еш қажетi жоқ күлкiлi мұнара Париж көркiн бұзып тұр дей келе: «На протяжении 20 лет мы будем вынуждены смотреть на отвратительную тень ненавистной колонны из железа и винтов, простирающейся над городом как чернильная клякса». Алайда замандар өттi, Эйфель мұнарасы Париждiң сәнi болып тұра бердi. Бұл мұнара да 1789 жылғы Француз революциясының 100 жылдық тойына арнайы орнатылып, Франция елiнiң символына айналды.

      Пирамида туралы да жел сөздер болғанымен, ол Астананың мақтанышы, бiр символы болып қала бермек. Ендi пирамиданың символдық мәнiсiн тарқатып көрелiк.

      Бiрiншiден, пирамида – елдiң тұрақтылығының әрi оның iргесiнiң берiктiлiгiнiң символы, себебi пирамида дегенiмiз – үшбұрыштардың шексiз комбинациясы. Пирамида – геометриялық фигура ретiнде үшбұрыштар комбинациясының шексiз гармониясын бiлдiретiн теңдесi жоқ құбылыс. Көпшiлiк әу бастан белгiлi әлемдiк геометриялық конструкцияда ең берiк фигура – үшбұрыш екенiн бiледi. Бұл – аксиома. Әйгiлi Пифагор теориясының мазмұны да осы мәселеге арналған. Демек, пирамида тұрақтылықтың символы болатыны да сондықтан, әлемде «бәрi уақыттан, ал уақыт пирамидадан қорқады» деген әйгiлi мәтел де тегiн айтылмаған. Ендеше, неге Астанадағы пирамида ғимараты ел бiрлiгi, ынтымақтастығы, одан бастап халық тұтастығы деген асқақ идеяға арна болмас-қа. Ойланатын мәселе, геометриялық ойлау жүйесi – адамзаттың дүниетанымының асыл арнасы. Ой өзегi геометриядан басталған, оның озық үлгiсiн көне египеттiктер жасаған, ол – пирамидалық ойлау жүйесi. Бұл әлем картинасын жасаудың алғашқы озық үлгiсi болған. Пирамидалық құбылыстардың Марстан, жердегi байырғы Америка континентiнен табылып жатқаны тегiн емес. Тұрақты тұрмыс кешу адамзат баласының асыл арманы болған, сол арманды нақтылағанда пирамидалық конструкция жүйесi өмiрге келген. Бүгiнде әлем ғалымдары Хеопс пирамидасының қалай салынғаны, неге салынғаны, оның философиялық мазмұны дегенде әлi бiр шешiмге келмеген. Бiрақ бiр мәселенiң басы ашық, пирамида – тұрақтылық пен мәңгiлiктiң символы. Бұл символ, әрине, билiкке, оның қуатына әрi мүмкiндiгiне қатысты. Мұндай символдар түркi, одан бертiнде қа-зақ халқында да болған, соның бiр айшықты дәлелi – Қозы көрпеш – Баян сұлу мазары. Бұл тек бiр-бiрiне ғашық болып, құрбан болған қыз бен жiгiтке арналмаған, оның мәнi тереңде. Ол сол дәуiрдiң айтулы геосаяси жағдайына тiкелей қатысты салынған тарихи пирамидалық

Скачать книгу