Скачать книгу

бiз әлемнiң геометриялық моделi дегендi мойындасақ. Менiң айтқаным, асылында теорема. Биiктiктiң символы – пирамиданың ұшар басындағы нүкте. Мұны математкиалық жолмен, сiрә, дәлелдеуге болатын да шығар деген ойдамын.

      Бесiншiден, пирамида мен қазақтың киiз үйiнiң үндестiгi. Қазақ сегiз қанатты киiз үй дейдi. Сегiз деген – пирамиданың табанындағы берiктiк конструкциясы, ол туралы жоғарыда айттық. Шындығында киiз үй – кәдiмгi пирамида, бiрақ кеңiстiкке ие болған. Пирамиданың ұшар басындағы нүкте биiктiк символы десек, киiз үйдiң керегеден уықтармен көтерiлген шаңырағы – қазақ үшiн биiктiк. Ол тегiннен-тегiн елтаңбаға айналып отырған жоқ. Мысалы, Астананың метафоралық мәндегi атауы – шаңырақ, ол – қазақ елiнiң шаңырағы. Шаңырақ отбасының космоспен байланысын бейнелейдi десек, ол – бiз үшiн биiктiк. Аспан деген – шартты ұғым, жер өз кiндiгiмен айналған сайын, аспан өзгерiп отырады, ал шаңырақ өзгермейдi, ол өзгермелi дүниенiң тұрақтылығын бейнелейдi. Сондықтан ол Елтаңбаның басты элементiне айналған. Пирамида сарайымен iргелес «Қазақ елi» монументi орналасқан. Ақын Жұбан Молдағалиевтiң «Мен қазақпын» поэмасы осы тұста есiме оралады. «Мен қазақпын мың өлiп, мың тiрiлген» дегендей, халқымыздың жаңа дәуiрiнiң басталуын айғақтайтын бұл монумент Елбасының тiкелей басшылығымен жүзеге асып отыр, оның биiктiгi – 91 метр, бұл халқымыздың тәуелсiздiкке жеткен жылын анықтаушы сан болып табылады. Монументтiң ұшар басында салмағы 2,5 тонна алтындалған Самұрық құс. Жаратушының керемет жаратқанының ең алыбы мұхиттарда өмiр сүрсе, аспан әлемiнiң еркесi, құс төресi – Самұрық, оның табиғи болмысы арманы биiк халқымыздың ой-санасына сәйкестiгi осы монументте ескерiлген. Осы тұста, қазақ жерiнен тұңғыш ғарышқа ұшқан Юрий Гагариннiң ерлiгiне қатысты ақын Олжас Сүлейменов былай деп толғап едi:

      …Разгадай:

      Почему люди тянутся к звездам?

      Почему в наших песнях Герой – это сокол?

      Почему все прекрасное,

      Что он создал,

      Человек, помолчав,

      Называет Высоким!

(Олжас Сулейменов. Избр. – М., 1986. – С. 17)

      Биiктiк деген – жер бетiндегi мың сан пенделiк дерттердiң емi. Биiктiк – рухани болмыс кеңiстiгi, демек, оны аңсау адамзат табиғатындағы адамның асыл қасиеттерiнiң сұрыпталуы, оның мәңгiлiкке құштарлығы. Заман өтер, ұрпақтар жаңғырар, бiрақ тәуелсiздiгiмiздiң, яғни төл тарихымыздың, жаңа дәуiрдiң басы болып, осы «Қазақ елi» монументi қалмақ.

      Елбасының көтерiп жүрген идеялары бiр-бiрiмен сабақтас. Оның Қазақстанды әлемнiң бәсекеге қабiлеттi 50 елiнiң санатына тарту жөнiндегi мақсаты – тәуелсiздiк идеяның нәтижесi, асқақ идеяның көрiнiсi. Асқақ идеясы бар ел ғана болашақ туралы биiк ой ойлай алады. Бiздiң жаңа Астанамыз – болашақты көксеген асқақ идеяның жемiсi. «Ақ орда» да солай. Ақ орда десе, хандық дәуiрдiң сарқыншағындай айтар ауызға оғаш көретiнiмiз бар. Ақиқатында, Ақ орданың мәнi – асқақтық, оның мазмұны – бекзаттық. Бекзаттық – қазаққа тән нышанның бiрi. Жаңа бастаған кәсiбiне «Алтын орда» деген ат бергендер бар. Бұл кездейсоқ емес, бұл – бiздiң өткен ғасырлардағы iргелi

Скачать книгу