Скачать книгу

көрсетiледi. Ұлттық тiлдерде жарық көретiн БАҚ-тардың жалпы таралымы 80 мың данадан асады. Үшiншi қағида – бiздiң ұлтымыздың толеранттылығы мен жауапкершiлiгi.

       Төртiншi қағида – қазақ этносының ынтымақтастықты нығайтудағы рөлi. Бұған байланысты Мемлекет басшысы өткен ғасырдың 40-шы жылдарында Қазақстан аумағына 1 миллион 200 мыңнан астам әртүрлi ұлттың қоныстанып, немiстерге, шешендерге, ингуштерге, корейлерге, гректерге, поляктарға және басқа да ұлт өкiлдерiне пана болғанын қадап айтты. Одан соң тың игеру басталды, дедi Елбасы. Қазақстанға КСРО-ның барлық республикаларынан 600 мыңнан астам адам келдi. Олардың 350 мыңы жастар едi. Солардың көпшiлiгi Қазақстанда тұрақтап қалып, осында өз Отанын тапты. Бесiншi қағида – Конституцияда атап айтылған: «ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы…», яғни Қазақстан халқының бiрлiгi» («Егемен Қазақстан» газетi. 24.10.2008.).

      Бұл ассамблея жұмысы туралы ғана толық сөз емес, Қазақстан қоғамы туралы түбегейлi сөз. Олай дейтiнiм, бiздiң елдегi саяси, әлеуметтiк және экономикалық тұрақтылық тек мемлекеттiк iс-шаралар негiзiнде ғана iске асып отырғаны жоқ, бұл мәселе қоғамға және өзге елдер тәжiрибесiнде жоқ ерекше саяси-мәдени институт халық ассамблеясының болуы және оның нәтижелi қызметiнде. Осы институтқа Президенттiң тiкелей басшылық жасауы Ассамблея жұмысына ғана емес, Қазақстан қоғамын кемелдендiру iсiне қарқын беруде. Көпшiлiкке белгiлi жай, мемлекеттiң берiктiгi қоғамға тiкелей байланысты. Азаматтары қоғам болып қалыптаспаған мемлекеттер елдiк келелi мәселелердi шешуде дәрменсiздiктерiн бiлдiрiп алып жатқанын, қазiргi заман бейнесiнен айқын көрудемiз. Бiр кезде айрандай ұйып отырған Грузия елi бiр-ақ күнде десе де болғандай, iргесi сөгiлiп, бiртұтас ел болудан қалып, одан Оңтүстiк Осетия мен Абхазия бөлiнiп шықты. Бұл – мемлекеттiң әлсiреуi. Мемлекеттiң территориялық тұтастығын сақтай алмауы, бүгiн болып отырған әлемдегi қаржы дағдарысынан әлдеқайда ауыр жағдай. Мұның түпкiлiктi себебi грузиялық қоғамының қалыптаспағандығы едi. Қоғамы қалыптаспаған мемлекет осындай халге түсе беретiнi тарихтан да белгiлi. Кешегi Югославия да осындай жағдайды басынан өткерiп, бiртұтас ел болудан қалды. Қоғам боп қалыптаспаған елде мемлекеттiң ыдырауы, iргесiнiң сөгiлуi, территориялық тұтастығын сақтай алмайтын жағдайы басталмақ. Құдай бетiн аулақ қылсын, халық бiрлiгi – бiздiң елдiң субстанциясы. Осы мәселеде көрегендiк танытқан Президент өз ұсынысымен осыдан он үш жыл бұрын халық ассемблеясын құрған едi, содан берi бұл қоғамдық ұйым халық бiрлiгiне қалтқысыз жұмыс iстеп келедi. Iсiне, бағытына, мүмкiндiгiне қарай бұл институт кемелдене келе құқықтық негiзге ие болды, парламенттiң мәжiлiсiне өз депутаттарын сайлады, Қазақстан парламентi 2008 жыл 9 қазанда «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» заң қабылдады. Бұл маңызды тарихи шешiм. Ендiгi жерде Ассамблея қызметi заң өрiсi негiзiнде жүрмек. Қазақстан халқы ассамблеясы туралы заңның үшiншi бабында ассамблея-ның мақсаты былай деп анықталған: «Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлiн арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қазақстандық

Скачать книгу