Скачать книгу

бiр мектепте оқытуы керек. Мұндай жағдайда қазiргi мектептердегi оқыту бағдарламалары, стандарттары, тәсiлдерi, жүйелерi, құндылықтары жаңа сападағы өзгерiске түспек. Мәселе түбегейлi шешiлуi үшiн бұл үрдiс мектеп жасына дейiнгi мекемелерден бастау алғаны жөн. Орыс балабақшасы, қазақ тiлiндегi балабақша орнына бiр тәрбие жүйесiне құрылған мемлекеттiк тiлде тәрбие жүргiзiлетiн балабақша болуы қажеттiлiк.

      Осындай жағдайды iске асырғанда қоғамдағы орыс тiлдер және қазақ тiлдер деген мәселе күн тәртiбiнен бiрте-бiрте азайып, келе-келе жойылмақ, жаңа қазақстандық азаматтарының жаңа психологиясы қалыптаспақ. Ендiгi жердегi мәселе бiз бiлiм беру жүйесiн 2010 жылы 12 жылдыққа өткiзбестен бұрын осы бiрыңғай жүйелi мектеп мәдени жобасын қоғамда талқыға салып, заңдастырып алғанымыз жөн. Негiзiнде, мұндай мектеп мәдени жобасы мен 12 жылдық бiлiм беру мәдени жобасы бiрге қарастырылып заңдастырылса iс табысты болар едi. Бұл екi жобаны екi бөлек қарастырсақ уақыттан ұтыламыз.

      Жаңа тұрпатты мектеп дегенде бiр үлгi боларлықтай жағдай, түрiк ағайындардың KATEV жүйесiндегi орта бiлiм беретiн оқу орындарындағы тәжiрибенi ес-керуге боларлық. Байқаймын, түрiк лицейлерiн тәмамдаған жастар қазақ, түрiк, орыс, ағылшын тiлдерiн еркiн меңгерiп шығуда, демек, елiмiзде мұндай үрдiс бар, нелiктен осы негiзде, мүмкiн одан да тұрақты бағдарлама туралы мамандар ойланбасқа? Осы мәселе туралы Елбасы Жолдауда: «… балабақшаға, ашылып жатқан қазақ мектептерiне барсақ, әр ұлттың, ұлыстың балалары оқып, әдемi ғана тiлдi үйренiп жатыр», – деген болатын.

      Мұндай мектепте қалай оқыту деген мәселе – әрине, мамандар үлесiндегi iс, менiң айтпағым, орыс тiлдi, қазақ тiлдi мектептер, сыныптар дегенiмiз өркениеттiк жатпайды. Әрине, қоғамдық iсте әрлi-берлi пiкiрлер болуы әбден орынды, себебi бұл психологиялық қалыптасып қалған дағдыны бұзу әлдекiмдердiң тiкелей кәсiбiне зиян болуы ықтимал, бiрақ көш тоқтамауы керек. Осындай тек бiртiлдiк негiзге құрылған мектептiң оқу жоспарын бiр жүйеге келтiру оңай шаруа емес. Бұл қалыптасқан психологияны өзгерту көптеген ұйымдастырушылық, тәрбиелiк және бейiмделу (адаптация) шаруаларын жүргiзудi қажет етпек. Бұл – мамандар үлесiндегi аса маңызды шаралар, бiздiң әңгiмемiз идеялық-принциптiк мәселе.

      Жаңа мектептiң жобасы туралы бүгiнгi күнде айтудың және оны жүзеге асырудың қажеттiлiгi, жоғарыда айтқандай, елдiк мәселеге тiреледi. Қандай ел болмасын, оның азаматтарының патриоттық сана-сезiмiнiң векторы елдiк негiзде болмақ. Бұл табиғи жағдай. Бiр елдiң азаматтары, олардың ұрпақтары этностарына, дiни сенiмдерiне қарамай бiр мектепте, бiр сыныпта бiлiм алуы да табиғи жағдай. Бұл үрдiс әлi де жалпы қоғамдық сипат алмаса да, елiмiзде басталған, айталық кейбiр орыс халқының өкiлдерi Елбасы айтқандай, балаларын қазақша балабақшаға, қазақ мектептерiне бере бастады. Астанадағы Нұр-Орда түрiк-қазақ лицейiнде болғанда, оның оқу iсiнiң жетекшiлерi жиырма сегiз лицейде он пайыздай қазақ балаларымен қоса өзге этнос балалары, оның iшiнде орыс балалары да оқып, төрт тiлдi меңгеруде.

      Осындай жағдайда қазақ мектептерi және орыс тiлiндегi мектептер деп бiр елдiң балаларын

Скачать книгу