Скачать книгу

керек», – дедi Елбасы.

      «Тiлдердiң үш тұғырлығы» туралы мәдени жоба туралы қоғамда әрқилы пiкiрлер айтылып, басылым беттерiнде әртектi мақалалар жариялануда. Тiл, мемлекет тiлi туралы радикалдар бұл мәдени жобаға қарсы, бұдан қазақ тiлiне қауiп төнуде. Менiң айтпағым, мемлекеттiк тiл мәселесiн томаға тұйық қоғам жағдайында шешуге мүлдем болмайды. Қазақ зиялылары қай заманда болмасын кемiнде үш тiлдi болған. Атақты есiмдердi атамағанның өзiнде, қазақтың дәстүрлi қауымы кезiнде оқығандар түрiк, араб, парсы, қазақ тiлдерiн бiлген, сол тiлдерде жазып, кiтаптар оқыған. Графика, әрине – арабша. Сондықтан мәселе «тiлдердiң үш тұғырлығында» емес, өркениеттiк жолға түскен ел әлемнен, өзге елдерден тыс аралдағылардың тiршiлiгiн кешпеуi керек. Әлем халықтары қарым-қатынас тiлi ретiнде ХХI ғасырда ағылшын тiлiн пайдалануда, сондықтан бұл үрдiстен тыс қалуға мүлдем болмайды. Себебi бүкiл ақпарат жүйесi, технология, бiлiм, ғылым осы тiлде. Бұл күрделi мәселенi түсiнуде әрi түсiндiруде мынандай концепция игерiп алғанымыз жөн. Президент Жолдауда қоғамды топтастыратын мемлекеттiк тiл деп нақтылы тұжырым жасаған, яғни тiлдер саясатындағы бұл бiздiң идеологиямыз, ал «тiлдердiң үш тұғырлығы» осы идеологияны iс жүзiне асыратын технология. Идеология мен iстiң технологиясын шатастырмау керек. Тiлдердiң үш тұғырлығы мәдени жоба – мемлекеттiк тiлдiң өрiсi, кеңiстiгi және болашағы. Оны қалай түсiнуге болады дегенге келсек, айтарым, мемлекетшiл және мемлекет тiлiн еркiн меңгерген азамат, көршiлес, ғасырлар бойы бiр географиялық кеңiстiкте өмiр сүрiп отырған Ресейге барғанда, оның рухани, ғылыми, техникалық, технологиялық тағы да басқа интеграциялық iстерде орыс тiлiн бiлсе көп пайда таппақ, ағылшын тiлiнiң керектiгi – дау туғызбайтын мәселе. Естен шығармайтын жағдай, қазақтар үшiн әлемдiк ақпараттың екiншi көзi – орыс тiлi. Бұл мәселеде мынандай ахуалды жете түсiнген жөн. Ресей елiндегi бiлiм мен ғылымдағы, бизнес пен технологиядағы, өнер мен әдебиеттегi жасалып жатқан шын мәнiндегi әлемдiк құндылықтарды бiз орыс тiлi арқылы «тегiннен-тегiн» пайдаланып отырмыз, осындай қазына көзiн бiтеп тастау кiмге керек. Әрине, орыс, ағылшын тiлдерi қазақ тiлiнiң қолдану аясын тарылтуы мүмкiн, ол үшiн мемлекеттiк тiлдi қоғамның идеологиясы ретiнде қойып, қабылдап, оны отбасының, қоғамның мәдени үрдiсiнiң өркениеттi сапалы өлшемi ретiнде, атадан балаға келе жатқан дәстүрлi құндылық қана емес, тәрбие негiзiнде жүргiзу керек. Мұндай тәжiрибе көптеген елдерде бар. Бұл iсте Франция, Германия, Жапония т. б. дамыған елдер бiзге үлгi.

      Елiмiздегi тiлдiк саясаттың идеологиясы мен технологиясына қатысты бiрер ой қосқым келедi. Бүгiнде қоғамда «қазақ тiлдiлер» және «орыс тiлдiлер» деген дилема орныққан. Осы мәселе қоғамның бiрлiгiне, әсiресе оның рухани, саяси өмiрiне керi әсерлерiн беруде. Осы мәселе елдiк сана қалыптасуы кезiнде өз шешiмiн табуы табиғи жағдай демекпiн. Оның үстiне елiмiзде демографиялық үрдiстiң нәтижесiнде, қазақ халқы елiмiздегi жалпы халықтың 60 пайызын құрауда. Яғни, осы демографиялық үрдiс бiлiм беру жүйесiнде жаңа сапалық құрылымды қажет етедi. Бұл жерде менiң негiзгi көпшiлiкке жария етпекшi ойым, ол қазiргi Қазақстанда бар мектептердiң бiлiм беру стандартын

Скачать книгу