Скачать книгу

сізге ұсынып көрсем бе,

      Түнегімді жарық еткен жақсы адам!?

      Жапырақтай жерге түсіп қуарған,

      Күйге түстім жабырқаулы, жыларман.

      Қайта бастап сүрсем бе екен өмірді,

      Қайда бастап барады екен бұл арман?

      Қайтер едік, сезім шіркін, міз бақса,

      Мұны, сірә, ойладық па, біз баста?

      Сізді сүйіп қалсам ба екен ертерек,

      Қызды сүйіп қалмай тұрып сіз басқа?

      Ғажап екен, шын беріліп сүйсең- ай,

      Сезім деген қос жүрекке енсе оңай.

      Асып өтіп қамалдардан ойланбай,

      Ғашық етіп алғам сізді… мен солай…

      Өзгешесіз, ұқсамайсыз басқаға,

      Махаббаттың жолы неткен асқақ, ә?

      Жырым осы сізге арнаған ең нәзік,

      Сырым осы, тек ешкімге ашпа аға!

      21. Алам десең, сырқатын ал анамның!

      Я, Раббым!

      Жебеушісі жеті қат Көк ғаламның,

      Естимісің, жалынайын саған мың.

      Сенен күшті, сенен зорын көрмедім,

      Тілеуін бер, қолын жайған адамның!

      Сенің ғана қолдауыңнан нәр алып,

      Көңілге де мың жұбаныш табармын.

      Беретін де, алатын да өзіңсің,

      Таға алмаспын ол жағынан саған мін.

      Бес күн мынау тіршілікте мың құлап,

      Сынағына тағдырдың бір таландым.

      Тілеуім бар енді өзіңнен, я, Раббым,

      Өзге ештеңе қажет емес маған дым.

      Жалынайын, жалбарынып, жылайын,

      Құдіреті күшті Аллам, бір саған,

      Алам десең, сырқатын ал, анамның,

      Берем десең, дауасын бер, жарамның!

      Алам десең, сырқатын ал, анамның!!!

      Аналар ауырмасын! Балалар жыламасын!

      22. Әзіл- шыны аралас

      Жасырғанмен іштегі шер- мұңымды,

      Кім түсінер жағдайымды бүгінгі?

      «Необычный» жыр жазайын деп едім,

      Көңіл- күйім бүгін аздап бүлінді…

      Әр таңымды бақытым деп қарағам,

      Тілеуімді беріп Аллам қалаған.

      Бірақ, кейбір адамдардың пиғылын,

      Түсіне алмай қатты талай «головам»…

      Өткендерім көз алдымда бұлдырап,

      Өзегімді мың өкініш ұрғылап.

      Дегенменен, жақсы шығар деп қоям,

      Орыстардың «бедасынан» бұл бірақ…

      «Көзің сұлу, өзің сұлу, әппағым,

      Сенен өзге бір жақсыны таппадым» —

      Деп біреулер «суперский» сезімін,

      Паш етсе де, елең етіп жатпадым…

      Өлең жазып жүрсем- дағы салмақтап,

      Баға берер жандар да бар ардақтап.

      Арасында гүл шоқтарын лақтырып,

      Біреулер жүр «сердцелері» қалбақтап…

      Ойымды айтсам, кім түсініп, күлер кім,

      Махаббат деп өлеңдеттім бірер күн.

      «Ғашықсың ба, кімді ұнаттың» демеңдер,

      А так мен де «женасымын» бір ердің…

      Құс емеспін, әрине, мен тордағы,

      Демес те едім, бағым басқа қонбады.

      «В браке» деген маңдайшаға қараңыз,

      Көз жүгіртпей суретіме фондағы…

      Тақтырмаспын бойымдағы арға мін,

      Шүкір еттім қолымдағы барға мың.

      Туралығын айтамын

Скачать книгу