Скачать книгу

кетті, өткен өтті, ұмыт бәрін,

      – Қазіргі күнім жарық, сол бастысы!

      – Қарашы, атты тағы тұнық таңым,

      – Әр күнім- тағдырымның қолбасшысы!

      –

      – Бойымды бір керемет сезім билеп,

      – Салқынын сезінбедім қара күздің.

      – Тағдырдың «бөрте біткен безін» түйреп,

      – Бақытты күні келді қара қыздың!!!

      –

      –

      –

      –

      – Сәби сүйсем…

      –

      – Іздегенде, бағыт берер жол шықпай,

      – Тағдыр тезі мені талай қорқытты- ай.

      – Бар мұңымды ұмытар ем, егер де,

      – Сәби сүйсем, шекесі бар торсықтай…

      –

      – Дейсіздер ғой, мына мені бақ тапты,

      – Иемдендім «ана» деген жақсы атты.

      – Шүкір деймін, артық болмас бірақ та,

      – Сәби сүйсем, шырындайын тәп- тәтті…

      –

      – Бес жасымда шашымды анам өріпті,

      – Анам менен өз бейнесін көріпті.

      – Ұлға- бауыр, қызға- серік дегендей,

      – Сәби сүйсем, көз тойдырар көрікті…

      –

      – Таймай келем шүкір менен тәубәдан,

      – Жан- дүниемді жақсы ниет баураған.

      – Жақсылардың қалмай ерген ізінен,

      – Сәби сүйсем, әкесінен аумаған…

      –

      – Тілеуімді берсін Аллам жалтартпай,

      – Қалмайыншы көкке қарап жалтақтай.

      – Сыңғырлаған шат күлкіге тойдырар,

      – Бір керемет сәби сүйсем, балпақтай…

      –

      – Бұл айтқанға келіс, мейлі, келіспе,

      – Айта берем, сақтамаймын тегі іште.

      – Бар әлемді тек шаттыққа бөлеген,

      – Сәби деген- періште ғой періште…

      –

      6. АЛЛА, саған ризамын,

      өмірде мынау барым үшін!

      АНА, саған ризамын,

      бойымдағы әппақ арым үшін!

      ӘКЕ, саған ризамын,

      тамырымда аққан қаның үшін!

      БАУЫР, саған ризамын,

      қашанда құрбан жаның үшін!

      СҮЙГЕНІМ, саған ризамын,

      сыйлаған мінсіз бағың үшін!

      ДОСЫМ, саған ризамын,

      бір болған әркез шағың үшін!

      ТАҒДЫР, саған ризамын,

      таттырған у мен балың үшін!

      ӨМІР, саған ризамын,

      үйреткен маған барың үшін!

      Ризамын шексіз ризамын,

      кеудемде тұрған жаным үшін!

      Ризамын Алла, ризамын саған,

      арайлап атқан таңым үшін…

      Шүкір!!!

      7. Диалог

      Жігіт:

      Жанарыңнан мөлдіреген мұң көріп,

      Шыдай алмай жүрмін ботам, күнде «өліп».

      Сенің мәңгі болсам егер жаныңда,

      Қараушы едім көңілімді шын бөліп…

      Қыз:

      Не көрдіңіз жанарымнан тұңғиық,

      Тағдыр шығар берген маған мұңды үйіп.

      Әттең, сіздегі орындар ем тілекті,

      Түсінші, аға, арым менің тым биік…

      Жігіт:

      Сеземін ғой, сезіп жүрмін ақ гүлім,

      Сенсің қазір жазар жырым, шаттығым.

      Мың сұлудың арасынан бір саған,

      Көзім түсіп, есім

Скачать книгу