Скачать книгу

мен де, түсінем,

      – Махаббаттың қорықпа дедің күшінен.

      – Жұрт сөзіне қайтем босқа елеңдеп,

      – Көре алғандар көріп жүр ғой, ісімнен…

      –

      – Тылсым әуен,

      – күлсін әлем, Күн жайнап,

      – Күнде, сірә, бола бермес мұндай бақ.

      – Күлімдейік, жүзімізде күлкі ойнап,

      – Көңілдерді тұрса- дағы мұң жайлап…

      –

      –

      3. Өлең жазам…

      Жырға толып тұрған шақта көмейім,

      Шашылып бір жырдан жақұт төгейін.

      Бұл ақындық- маған келген дара жол,

      Осы жолда тасып- толар мерейім…

      Ойрандалып ойым қалмас, тәйірі,

      Жыр төгілсе, «ақын» атқа сай, ірі.

      Жаратқанның қолдауынсыз әй, бірақ,

      Болар дейсің, қайбір істің қайыры???

      Күмбірлетіп, сазды әуенді күйлетіп,

      Қызыл тілді сатыр- сұтыр сөйлетіп.

      Жақсыларды тамсандырып бір сәтте,

      Жамандардың «жаман ойын» күйретіп…

      Күншілдердің үнін басып күндеген,

      Міншілдердің мінін басып жырменен.

      Сонау белден титтей сәуле көрінсе,

      Сол сәулені мен шығатын шың дегем…

      Шаң жуытпай жүрген әрбір жолыма,

      Сынай қарап оңым менен солыма.

      Жаратқанға бір сыйынып алам да,

      Мықтап ұстап қағаз- қалам қолыма…

      Өлең жазып, күллі әлемді таң қылам,

      Шөлдегеннің шөлін жырмен қандырам.

      «Шіркін- ай» деп тамсандырып елімді,

      Дұшпанымның ішін өртеп, жандырам…

      Дүр сілкінтіп, он сегіз мың ғаламды,

      Мен де бір күн көрсетермін шамамды.

      Бүгін, ертең болмаса да… бір күні,

      Өлең жазам елге ұнарлық, жарамды!!!

      Ал, содан соң қос бақытым әкем мен,

      Өлең жазам қоса жырлап анамды!

      – Ақын ойы

      –

      – Жаңылдым ба, сірә, мен есебімнен,

      – Бүгінгі күн тым ауыр кешегімнен.

      – Көз іліне бастаса түнде осылай,

      – Шошып, тұрып кетемін төсегімнен…

      –

      – Қара түннің пердесін ашып тағы,

      – Көңілім тұр алаңдап, жасып хәлі.

      – Жарқ етті де, бір жұлдыз әні сөнді,

      – Әлдекімнің кеткендей қашып бағы.

      –

      – Суық самал тоңдырып өне бойды,

      – Кенеттен бір қара бұлт төне қойды.

      – Тырс- тырс етіп жауынның

      – ..ақ тамшысы,

      – Ұрлады кеп мендегі «өлең- ойды».

      –

      – Сиқыр сезім арбайды кейде мені,

      – Көк теңізге батырады ой- кемені.

      – Нені танып- біліп мен осы күні,

      – Нені ұға алмадым, ә, кейде нені?

      –

      – Қара шашын таранып қара түнім,

      – Дегендей, «мен келдім, ал, ақыным».

      – Кеш қарайса, мөлдір мұң тұсап алып,

      – Әдетім ғой, мұңға батып қалатыным.

      –

      – Көзді жұмсам, не сезіп, не көремін,

      – Жанға жақын бұл күнде тек өлеңім.

      – Мейлі бақсыз, бақытсыз боп өтейін,

      – Өлсем, бірақ «өлеңім» деп өлемін…

      –

      – Қара қыздан

Скачать книгу