Скачать книгу

талқылап,

      өсек айтып жүргендер көп сыртымнан.

      Көзқарасын маған деген түрлі етіп,

      шаң баспаған көңілімді кірлетіп.

      «Екі жүзді» адамдар жүр жанымда,

      бетінде бір ұяты жоқ мүлде түк.

      Тарам- тарам жолдарында тағдырдың,

      Ұға алмайсың, әлжуаз кім, алғыр кім.

      Жыға алғанды шалып мені аяқтан,

      Бір Алланың еншісіне қалдырдым…

      12. Әдемі бас қосудан кейін туған ой

      Осылай өтіп жатса мәңгі, ә, күнің,

      Тапқандай бір ерекше жанға тыным.

      Тәңірім өзі қолдап барша ақынның,

      Төрінде басын қосты Алматының…

      Барлығының жүзінде шаттық есіп,

      Тұрғандай бір- біріне бақ тілесіп.

      Ән шырқап, жырлағанда әр көңілде,

      Ақ пейіл, таза тілек жатты нешік…

      Жар болды жаратқаным мына бізге,

      Қайтемін қуанышты сұрап өзге?

      Көктегі Күн де шуақ шашып тұрды,

      Төккендей мейірімін сірә, күз де…

      Көңілде мәңгі көктем тұратындай,

      Жыласаң, қуаныштан жыла тынбай!

      Есімі біраз жерге мәлім болған,

      Мың алғыс ағамызға Бөрі ақындай!

      Еш етпес, мейлі, аздау болса да айып,

      Жанардан бақыт жасы қоса тайып.

      Қуансақ, бізбен бірге шын қуанған,

      Ағам бар, ақ көңіл жан- Пошатаев!!!

      Арамыз үзілместей жол арқандай,

      Әлі алда тек жақсылық болар қандай!

      Көңілі жас баладай аңқылдаған,

      Мың алғыс, ағамызға Омархандай!!!

      Кеудемде жаным барда, хақым барда,

      Жырлаймын «ақын» деген атым барда.

      Келесі кездескенше бар болайық,

      Тілегім осы болсын, ақындарға!!!

      13. КҮЗ КӨҢІЛ

      Сансыз ой сананы қинауда текке кеп,

      Тағатсыз күй кешті жабырқау хәлім де.

      Өзіңмен өзің қап бұртиып, өкпелеп,

      Жүрегім, айтшы енді, ренжідің ә, кімге?

      Таңырқап отырмын жайыңа мен бүгін,

      Кеудемді ұрғылап, дамылсыз соққаның.

      Құдай- ау, араша болады енді кім,

      Түскендей күйдемін өртенген отқа мың…

      Талқысын тағдырдың тәрк етіп бес елі,

      Жаныма жетсе ғой… аңсарым, аяулым.

      Санамда жаңғырып өткенім кешегі,

      Сандалып кетердей күйдемін таяу күн…

      Арманым алыстап кетті ме тым жырақ,

      Әлде, мен ұға алмай қойдым ба қадірін?

      Күз еніп келгелі жүргенім тұнжырап,

      Таусылып бара ма, құдай- ау, сабырым…

      Енді бір бақытқа жеткенде сан- сынақ,

      Желіккен желменен жарысып жеткені.

      Жанардан жақұттай бір үзік тамшылап,

      Құдды бір кінәлап жатқандай тек мені…

      (Жазықсыз жанардан бекерге жас төгіп,

      Тағдырдың дәл бұлай еткені неткені???)

      14. Мен әйелмін…

      Жаны нәзік, ерекше… дара туған,

      Бар сұлулық өн бойына таратылған.

      Мейірімін шашатұғын маңайына,

      Мен әйелмін…

      Күн нұрынан жаратылған…

      Бүкіл әлем бір өзіне қаратылған,

      Әйел- Ана, қашан да дара тұлғаң.

      Сол

Скачать книгу