Скачать книгу

кінәлі ем…

      Жігіт:

      Арың биік, бір мен үшін бар бағаң,

      Сендей жанды іздеп, ғалам шарлағам.

      Сенің кінәң емес еді, гүлім- ау,

      Кінәлі мен- сені сүйген жарлы ағаң…

      Қыз:

      Қиялыммен теңіз кешіп, қыр асам,

      Құлпырамын, гүлдей жайнап, бүр ашам.

      Жақсы шығар, ақын аға, не дейін,

      Ақ жүректі сіздей жанға ұнасам…

      8. Адамдар арасынан адам іздеп…

      Көңілдің алып- ұшып пернелері,

      Жүрегім сұлу жырға шөлдегені.

      Бір үміт жетелейді алып шыңға,

      Ұшырып әкетердей жел де мені.

      Алыстап кетті неге өлең менен,

      Досым да, серігім де өлең дегем.

      Өмірдің «таяғын» жеп өкінсем де,

      Өлеңмен өріс кеңіп, өнем деп ем.

      Шаттығы жоғалса да көңілімнің,

      Демеймін, өшті, бітті, өмірім мұң.

      Қараңғы күндерімді жарық еткен,

      Сәулесі көп те шығар өмірімнің.

      Алдамшы бәрі бүгін, жалған бәрі,

      Дертіме- өлеңім ем, болған дәрі.

      Адал дос қана қалды меніменен,

      Амал дос екендер ә, қалғандары?

      Бір пайдаң тиіп жатса аламыз деп,

      Тимесе, оп- оңай- ақ араны үз деп.

      Мен тағы әлек болып жүрмін бүгін,

      «Адамдар» арасынан «адам» іздеп…

      9. Бақыттымын

      Кетті менен жабырқау да, тұнжырау,

      Жоқ ендігі жалған күліп, шын жылау.

      Мейлі, мейлі, кім не десе, о десін,

      Бақыттымын бәрінен де құрбым- ау!

      Сынақ келсе, сарыламын, сарқылам,

      Ерке өстім, сол ғой- менің бар кінәм.

      «Бақыт» әркез болады енді жанымда,

      Күндер өтіп, ай жылжысын артынан.

      Ашу- ыза, жоқ менде еш «кек» деген,

      Кінә артпадым ешкімге де текке мен.

      Құшағымды аштым барлық адамға,

      Жатсынбадым, өзектен еш теппегем.

      Мақсатым бар, алға қойған өзіндік,

      Көзім ашық, шүкір етем, сөзім нық.

      Сабыр қылдым, үміт ете жақсыдан,

      Көрсем- дағы өмірімде не «сұмдық».

      Махаббат па, ол да болған бір кезде,

      Сүйгеніме сыйлап талай «жырдесте».

      Азабы мен ғажабы оның бар екен,

      Кетпестейін естелік боп тұрды есте.

      Ал, қазір ше, мүлде бөлек жағдайым,

      Бақыттымын, ашық бүгін маңдайым.

      Жабырқасам, көңілім түсіп сәл ғана,

      Көзімдегі жасым сүртер ЖАН дайын.

      Бақыттымын, тағы қалай шаттанам,

      Қайғы- мұң да, бәрі бүгін жат маған.

      Сүйгенімнің «жаным» деген сөзінен,

      Қуаныштан Көкке «ұшуға» шақ қалам.

      Мен осындай өміріммен мақтанам!!!

      10. Серт

      Кеш түсті. Тағы бір күн өтіп,

      Санамды сансыз ой тербеген.

      Жүзімді сағыныш түнертіп,

      Жүректі кернейді шер деген.

      Бақытқа бөлендік кеше біз,

      «Махаббат» аралын мекендеп.

      Өтсе де неше жаз, неше күз,

      Серт еттік шын сүйіп өтем деп.

      Білем ғой, бәрі де жасырын,

      Жымиып қарайсыз ұрланып.

      Тамсанып тұрғандай ақырын,

      Көкте

Скачать книгу