ТОП просматриваемых книг сайта:
Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
Читать онлайн.Название Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер
Год выпуска 2014
isbn 978-601-80330-0-1
Автор произведения Канат Нуров
Издательство Фонд "Аспандау"
2007 жылдан бастап Қазақстанның қазіргі историографиясының кеңістігіне Р. Темиргалиевтің мақалалары атойлап шығады (Zonakz.net). Бұл мақалалар баяндау тәсілі бойынша, публицистикалық болады, өйткені оларда зерттеулерді ғылымда орныққан ережелер бойынша реттеу жағы ұстанылмайды. Соған қарамастан және онда ғылыми дәреже болмаса да, (есіңізде болса, В.П. Юдинде де ғылыми атақ болмаған) оның мақалаларының тереңдігі және өткірлігі оның қайнаркөздердің кең ауқымыммен жете таныс екеніне, оларды зерделеп, пайымдай алатынына еш күмән қалдырмайды. Және де ол қайнаркөздер авторларының ықпалында бола қоймайды. Оның мақалаларының ғылыми шынайылығы және жан-жақты орайластырылуы оның құмарпаздығына және жұмыскерлігіне құрмет тудырады. Ақыры, 2009 жылы оның екі Қазақ хандығы тарихына арналған дерекнама жағынан ғажап кітабы шығады: «Қазақ хандығының нағыз тарихы» және батырлар құбылысы жөніндегі «Соңғы батырлардың дәуірі (1680–1780 жж.)». Бізді шабыттандыратын нәрсе, Темиргалиевтің көптеген ұстанымдары қазір қайта шығарылып жатырған кітаптан бөлек оның кең таралған және әркім-ақ өзі таныса алатын онша көп емес қайнаркөздерге негізделген 1995 жылғы болжам мен мүмкін деп ұсынған нәрселерін растайды. Соның кейбіреулерін келтірейік. Мысалы, оның «Қазақтар және Ресей. Өз еркімен қосылу болды ма?» мақаласын алайық, Алматы,17.07.2007 ж.) (www.zonakz.net/articles):
«Қазір Қазақстанның Ресей және КСРО құрамында болған кезеңді орыс езгісіндегі 260 жыл деп айту жиілеп кетті. М. Қозыбаев, М. Мағауин, К. Данияров және өзгелер